Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы не білу керек

Жүктеу

Кіріспе

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Заң геномдық тіркеу бөлігінде қолданысқа енгізілді. Дактилоскопиялық тіркеу бөлігіндегі заң нормалары 2024 жылғы 1 қаңтарда күшіне енді.

Адамның жеке басын анықтау немесе растау мүмкін болмаған кезде өмірде көптеген жағдайлар туындайды (әртүрлі жағдайдағы көптеген құрбандары бар өрттер мен ұшақ апаттары, белгісіз мәйіттердің, ашылмаған қылмыс орындарынан биологиялық іздердің табылуы, адамдардың жоғалып кетуі).

Тиісті дерекқорларда дактилоскопиялық және геномдық ақпараттың болуы заңсыз құжаттау фактілерін болдырмауға, құжаттарды қолдан жасаудан, олардың иелерін алаяқтық және өзге де қылмыстық әрекеттерден қорғауға, жеке басын куәландыратын құжаттарды қалпына келтіру рәсімін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Мұнда біз дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу ережелері туралы әңгімелейтін боламыз.

  1. Кіріспе