Саусақ ізі туралы ақпарат адамның немесе белгісіз мәйіттің саусақтарының немесе алақандарының папиллярлық үлгілерінің құрылымдық ерекшеліктері туралы биометриялық мәліметтер туралы ақпарат, оның жеке басын және жеке деректерін анықтауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының азаматтары дактилоскопиялық тіркеуден ерікті негізде өтеді.
Дактилоскопиялық тіркеуден өткен Қазақстан Республикасы азаматтарының саусақ іздері биометриялық паспорттар мен жеке куәліктердің чипіне енгізіледі.
Дактилоскопиялық тіркеуден 12 жасқа дейінгі балалардан басқа Қазақстан Республикасының барлық азаматтары өте алады. Он екі жастан он алты жасқа дейінгі балаларға қатысты дактилоскопиялық тіркеу олардың келісімімен баланың заңды өкілінің қатысуымен және жазбаша өтініші негізінде жүргізіледі.
Міндетті дактилоскопиялық тіркеуге жатады:
Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде дактилоскопиялау мүмкіндігін болдырмайтын дене кемістігі бар адамдар, сондай-ақ екі қолында барлық саусақтары немесе қолдары жоқ адамдар дактилоскопиялық тіркеуден өтпейді.