Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы не білу керек
ЖүктеуСаусақ ізін тіркеу
Дактилоскопиялық тіркеу — адамның жеке басын анықтауға немесе растауға мүмкіндік беретін қол саусақтарының және (немесе) алақандарының папиллярлық өрнектерінің ерекшеліктері туралы ақпаратты жинау және өңдеу.
Қазақстан Республикасы азаматтарын дактилоскопиялық тіркеу
Қазақстан Республикасының азаматтары жеке куәлікті және (немесе) паспортты алғаш рет алу, қалпына келтіру немесе ауыстыру кезінде өз келісімімен дактилоскопиялық тіркеуден өтеді.
12 жасқа толмаған балалар дактилоскопиялық тіркеуден босатылады.
12 жастан 16 жасқа дейінгі балалар паспорт алу кезінде өз келісімімен, заңды өкілінің қатысуымен және оның жазбаша өтініші негізінде ерікті түрде дактилоскопиялық тіркеуден өте алады.
Міндетті дактилоскопиялық тіркеуге кімдер жатады
Мынадай жағдайларда 16 жасқа толған адамдар міндетті дактилоскопиялық тіркеуге жатады:
1. Қазақстан Республикасының теңізші куәлігін беру туралы шешім қабылданған Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар.
2. Қазақстан Республикасында уақытша немесе тұрақты тұруға рұқсатты ресімдеу кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар.
3. Тұруға ықтиярхатты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігін алғаш рет алу, қалпына келтіру немесе ауыстыру кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар.
4. Пана іздеуші адам мәртебесін алу үшін жүгінген, босқын куәлігін және (немесе) жол жүру құжатын алу, қалпына келтіру немесе ауыстыру кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар.
5. Қазақстан Республикасынан шығарып жіберуге жататын немесе реадмиссия туралы халықаралық шарттардың қолданылуына түсетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар.
6. Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне бармай-ақ электрондық форматта берілетін визаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының визаларын алу кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар.
Заңда көзделген жағдайларда қайта жүгінген кезде саусақ іздерін қайта жинаудың орнына бұрын алынған дактилоскопиялық ақпарат негізінде жеке басты растау рәсімі жүргізіледі.
Кімдер дактилоскопиялық тіркеуден босатылады
12 жасқа толмаған балалар дактилоскопиялық тіркеуден босатылады.
Заңнамада визаларды ресімдеу кезінде жекелеген санаттағы адамдарға, оның ішінде дипломатиялық паспорт иелерінің белгілі бір санаттарына қатысты ерекшеліктер де көзделген.
Денсаулық жағдайына байланысты дактилоскопиядан өту мүмкін болмайтын адамдар дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеу кезінде міндетті тіркеуден босатылады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасынан шығарып жіберуге немесе реадмиссияға жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жекелеген санаттары үшін заңда белгіленген жағдайларда қол алақандары бойынша дактилоскопиялық тіркеу жүргізу көзделген.
