ЭКҰ квотасын қалай алуға болады
ЖүктеуКіріспе
Экстракорпоралдық ұрықтандыру (ЭКҰ) — қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларға (ҚРТ) жататын бедеулікті емдеу әдістерінің бірі.
Қазақстанда белгіленген медициналық өлшемшарттарға сәйкес келетін азаматтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі шеңберінде қосалқы репродуктивтік технологияларды қолдану арқылы бедеулікті емдеу қызметін ала алады.
ЭКҰ жүргізу тәртібі, медициналық көрсетілімдер, қарсы көрсетілімдер және пациенттерді іріктеу шарттары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-272/2020 «Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» бұйрығымен айқындалады.
Жолдама алу үшін медициналық зерттеп-қараудан өтіп, бейінді маманның қорытындысын алу және құжаттарды қараудың белгіленген рәсімінен өту қажет.
Бұл материалда МӘМС жүйесі шеңберінде ЭКҰ алуға кімдердің үміткер бола алатыны, медициналық зерттеп-қараудан қалай өту, клиниканы таңдау және жолдама алу тәртібі түсіндіріледі.
