Квота алуға өтініш беру тәртібі

Инструкция

Егер, ЭКҰ-ға квота алуға көрсеткіштер бар болса, Сіздің тіркелген медициналық ұйымыңыз (одан әрі-МҰ) деңгейінде әрекеттеріңіз мынадай болуы керек:

  • тұрғылықты мекен жайы бойынша емхананың әйелдер консультациясы бөліміне барып кезекке тіркелу;
  • әйелдер консультациясы бөлімінен репродукция клиникасына және репродуктологтың кеңесіне жолдама алу;
  • ЭКҰ орталығына репродуктолог кеңесіне жолдама алу;
  • репродуктологтың қарауынан кейін қажет жағдайда ЭКҰ орталығы деңгейінде тексерістерден өту;
  •  тиімді болу үшін екі серіктес те репродуктологтың кеңесін алуы керек;
  • қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда дәрігерлік-кеңес комиссиясының анықтамасын алу;
  • ЭКҰ процедурасын өткізуге келісім алу үшін, ЭКҰ орталығында комиссиядан өту;
  • квота алуға кезекке тұру үшін хаттаманы(ЭКҰ орталығының келісімі) МҰ-ға әкеліп беру; - ЭКҰ бөлу бойынша өңірлік комиссияның отырысында үміткердің кандидатурасын қарастыру;
  • квота алу;
  • ЭКҰ орталығының репродуктологымен ЭКҰ күнін келісіп, әрі қарай порталға қою;
  • ЭКҰ бағдарламасына репродуктологтың барлық ұсыныстары мен талаптарын орындау арқылы кіру.
  • МӘМС жүйесінде жасанды ұрықтандыру және ICSI (интрацитоплазматикалық сперматозид инъекциясы) жүргізу, кейінге қалдырылған тасымалдар жағдайларында криоконсервіленген эмбриондарды көшіруді қоспағанда, жыл ішінде бір рет беріледі.
Дата обновления - 22.08.2023
Справочная информация
415