Салық әмияны қызметі туралы не білуіңіз керек
ЖүктеуКіріспе
«Салық әмияны» — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің салық міндеттемелерін орындауды жеңілдетуге арналған электрондық сервисі.
Сервис салық төлеушілерге салықтар туралы ақпарат алуға, әмиян балансын толықтыруға және ақшалай қаражатты тиісті салық міндеттемелерін өтеу есебіне автоматты түрде есепке жатқызу тетігін пайдалануға мүмкіндік береді.
«Салық әмияны» сервисі e-Salyq Azamat мобильді қосымшасында қолжетімді.
