Салық әмияны қызметі туралы не білуіңіз керек

Жүктеу

Салық әмияны дегеніміз не

«Салық әмияны» — салық міндеттемелерін орындау үшін ақшалай қаражатты алдын ала енгізуге мүмкіндік беретін сервис.

Тиісті салық міндеттемелері туындаған кезде әмияндағы қаражат мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтер негізінде оларды өтеу есебіне автоматты түрде бөлінеді.

Сервис әмиян балансын толықтыру кезінде төлем деректемелерін өз бетінше толтыру қажеттілігін азайтуға мүмкіндік береді.

Сервиске қалай қол жеткізуге болады?

  1. e-Salyq Azamat мобильді қосымшасын App Store немесе Google Play ресми қосымшалар дүкенінен жүктеп алып, орнатыңыз.

  2. Қосымшаны ашыңыз.

  3. Қолдау көрсетілетін тәсілдердің бірі арқылы авторизациядан өтіңіз:

    • электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалану арқылы;

    • егер телефон нөміріңіз Мобильді азаматтар базасында тіркелген болса, SMS-код арқылы.

  4. Авторизациядан өткеннен кейін «Салық әмияны» сервисін таңдаңыз.

Кейінгі кіру кезінде қосымшаның орнатылған нұсқасында және мобильді құрылғының баптауларында көзделген қолжетімділікті қорғаудың қосымша тәсілдері пайдаланылуы мүмкін.

Маңызды: бастапқы авторизациядан өту және кейінгі жылдам кіру тәсілдері әртүрлі болуы мүмкін.

Жаңарту күні: Көру саны:507
  1. Салық әмияны дегеніміз не