Қазақстанда босқын мәртебесін қалай алуға болады
ЖүктеуБосқындар деген кім
Босқын — нәсіліне, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, белгілі бір әлеуметтік топқа жатуына немесе саяси нанымына байланысты қудалау құрбаны болу қаупінен негізді түрде қауіптену салдарынан өз азаматтығы тиесілі елден тыс жерде жүрген және сол елдің қорғауын пайдалана алмайтын немесе пайдаланғысы келмейтін шетел азаматы.
Сондай-ақ осындай қауіптену салдарынан өзінің бұрынғы тұрақты тұрғылықты жері болған елден тыс жерде жүрген және ол елге қайта орала алмайтын немесе оралғысы келмейтін азаматтығы жоқ адам да босқын деп танылуы мүмкін.
Босқын мәртебесінің саяси баспанадан қандай айырмашылығы бар?
Босқын деп тану және саяси баспана беру — екі түрлі құқықтық рәсім.
Қазақстан Республикасының «Босқындар туралы» Заңы саяси баспана беру тәртібін реттемейді.
Елден тек экономикалық себептермен кету өздігінен босқын мәртебесін беруге негіз болып табылмайды.
