Егінді форвардтық сатып алуға қатысушы кім бола алады

Жүктеу

Форвардтық сатып алу бағдарламасына қатысушыларға қандай талаптар қойылады

Форвардтық сатып алуға қатысу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші Азық-түлік келісімшарт корпорациясының тиісті маусымға белгілеген талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Өтінімді қарау кезінде, атап айтқанда, мыналар ескеріледі:

  • салықтар, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы;

  • кредиттік тарихқа және мерзімі өткен міндеттемелерге қатысты белгіленген талаптарға сәйкестігі;

  • шарт жасасуға кедергі келтіретін мән-жайлардың, оның ішінде қағидаларда көзделген банкроттық рәсімдерінің және орындалмаған сот міндеттемелерінің болмауы;

  • мәлімделген ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін өндіру үшін жеткілікті егіс алқаптарының болуы;

  • міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мүмкіндігі;

  • Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қолданыстағы құжаттарында белгіленген өзге де талаптарға сәйкестігі.

Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету форвардтық сатып алудың өзекті шарттарында көзделген нысанда ұсынылады.

Шарт жасалғаннан кейін қатысушы тиісті сападағы ауыл шаруашылығы өнімін белгіленген мерзімдерде жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.

Өтінім берер алдында Азық-түлік келісімшарт корпорациясының ресми сайтында жарияланған қолданыстағы талаптармен танысу қажет.

Жаңарту күні: Көру саны:252
  1. Форвардтық сатып алу бағдарламасына қатысушыларға қандай талаптар қойылады