Әлеуметтік көмек түріндегі тұрғын үй сертификаты соңғы 6 айда отбасының әр мүшесінің табысы айына 3,1 күнкөріс мөлшерден аспаған жағдайда берілуі мүмкін.
2026 жылы ең төменгі күнкөріс мөлшері 50 851 теңге болған.
Әлеуметтік көмек ақысыз және қайтарымсыз түрде көрсетіледі.
Бюджеттік кредит түріндегі тұрғын үй сертификаты соңғы 6 айда отбасының әрбір мүшесінің табысы 3,1 күнкөріс мөлшерінен асқан жағдайда беріледі.
Яғни, орташа табыс 157 638 теңгеден асатын болса, сертификат берілетін болады (2026 жылы күнкөріс мөлшері – 50 851 теңге болды).
Бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау көрсету шарттары: