Егер пәтерде өрт шықса, не істеу керек
ЖүктеуПәтерде өрт шыққан кезде не істеу керек
Өрт анықталған жағдайда дереу мына нөмірлерге қоңырау шалыңыз:
-
101 — өрт сөндіру қызметі және құтқарушылар;
-
112 — бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет.
Хабарласқан кезде диспетчерге мына мәліметтерді айтыңыз:
-
Оқиға болған жердің нақты мекенжайын, үйдің, подъездің, пәтердің нөмірін және қабатын.
-
Не болғанын және өрт ошағының болжамды орналасқан жерін.
-
Үй-жайда көмекке мұқтаж адамдардың бар-жоғын.
-
Зардап шеккендердің бар-жоғын.
-
Егер диспетчер сұратса, аты-жөніңізді және байланыс телефон нөміріңізді.
Диспетчердің сұрақтарына жауап беріп, берілген нұсқауларды орындаңыз.
Зардап шеккендер болса, бұл туралы диспетчерге хабарлаңыз. Медициналық көмек қажет болған жағдайда 103 нөміріне де хабарласуға болады.
Өртті өз бетіңізше сөндіруге тырысып, өрт сөндіру қызметін шақыруды кейінге қалдырмаңыз.
