Егер пәтерде өрт шықса, не істеу керек

Жүктеу

Пәтерде өрт шыққан кезде не істеу керек

Түтін, күйік иісі немесе ашық жалын анықталған жағдайда жағдайды бағалап, жақын маңдағы адамдарға ескерту және өрт туралы 101 немесе 112 нөміріне дереу хабарлау қажет.

Егер табадағы май тұтанса:

  • Жанып жатқан майға су құймаңыз.

  • Егер қауіпсіз болса, плитаны өшіріңіз.

  • Өрт шағын болған жағдайда табаны орнынан қозғамай, оны абайлап сәйкес келетін металл қақпақпен жабуға болады.

  • Жанып жатқан табаны басқа жерге апаруға әрекет жасамаңыз.

  • Егер өрт тарала бастаса немесе жағдай қауіпті бола түссе, үй-жайдан дереу шығыңыз.

Егер электр құралы тұтанса:

  • Электр желісіне қосылған құралды сумен сөндірмеңіз.

  • Егер қауіпсіз болса, электр қуатын ажыратыңыз.

  • Зақымданған сымдар мен жабдықтарға қол тигізбеңіз.

  • Электр құралдарын сөндіру үшін тұрмыстық маталарды немесе басқа да кездейсоқ заттарды пайдаланбаңыз.

  • Қою түтін пайда болған немесе өрт тарала бастаған жағдайда үй-жайдан дереу шығыңыз.

Шағын өрт ошағын өз бетіңізше сөндіруге тек өмірге қауіп төнбеген, тиісті өрт сөндіргіш болған, оны қолдану дағдылары меңгерілген және қауіпсіз шығу жолы ашық болған жағдайда ғана әрекет жасауға болады.

Мүлікті құтқару үшін өміріңізді қатерге тікпеңіз.

Жаңарту күні: Көру саны:287
  1. Пәтерде өрт шыққан кезде не істеу керек