Адам жоғалған жағдайда не істеу керек

Инструкция

Адам жоғалған жағдайда ең алдымен «102» нөміріне хабарласып немесе жақын жердегі полиция бөлімшесіне барып, полицияға хабарлау қажет.

Полицияға келесі мәліметтерді беру маңызды:

  • жоғалған адамның анкеталық деректері;
  • нақты жасы;
  • ерекше белгілері (меңдері, тыртықтары, татуировкалары);
  • қандай жағдайда жоғалып кеткені туралы мәліметтер.

Егер бала жоғалса, полицияға дереу хабарласу қажет.

Полиция қызметкерлері адамның қанша уақыттан бері жоқ екеніне немесе қай жерде жоғалғанына қарамастан арызды қабылдап, тіркеуге міндетті.

Жоғалған адам туралы арыз беру үшін ешқандай уақыттық шектеу жоқ.

Сонымен қатар іздестіру бөлімшелеріне жоғалған адамның достары, әріптестері, жұмыс орны, жиі баратын орындары және әдетте жүретін бағыттары туралы мәліметтер беру қажет.

Дата обновления - 23.07.2026
Справочная информация
2654