Әуесқойлық балық аулау үшін рұқсатты қалай алуға болады
ЖүктеуБилет немесе рұқсат қажет болғанда және оларды қалай алуға болады
1. Рұқсатсыз тегін балық аулау
Егер сіз резервтік қордағы бекітілмеген балық шаруашылығы су айдынында бір балық аулаушыға бір рет барған кезде 5 килограмға дейін балық аулауды жоспарласаңыз, рұқсат ресімдеу талап етілмейді.
2. Бекітілген су айдынында балық аулау — жолдама алу
Егер су айдыны немесе учаскесі жануарлар дүниесін пайдаланушыға бекітілген болса, жолдама алу үшін осы пайдаланушыға жүгіну қажет.
Жолдама заңнамада көзделген тәртіппен ауызша немесе жазбаша өтініш негізінде беріледі.
Жолдама беру шарттарын, құнын және аулауға рұқсат етілген балық көлемін су айдынын пайдаланушыдан нақтылау қажет.
3. Бекітілмеген су айдынында 5 килограмнан артық балық аулау — рұқсат алу
Рұқсат алу үшін:
-
«Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметін көрсету шарттарымен танысу.
-
Көзделген электрондық сервис арқылы белгіленген тәртіппен өтініш беру.
-
Тиісті пайдалану түрі үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды ұсыну.
-
Балық ресурстарын пайдаланғаны үшін белгіленген төлемді төлеу.
-
Рұқсатты немесе дәлелді бас тартуды алу қажет.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 3 жұмыс күні.
Төлем мөлшері балық ресурстарының түрі мен көлеміне байланысты болады және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалады.
Маңызды: бекітілген су айдынында балық аулауға арналған жолдама мен балық ресурстарын арнайы пайдалануға берілетін рұқсат — екі түрлі құжат. Оларды автоматты түрде бір-бірімен алмастыруға болмайды.
