Әуесқойлық балық аулау үшін рұқсатты қалай алуға болады
ЖүктеуБалық аулаудың түрлері
Әуесқойлық (спорттық) балық аулау — кәсіпшілік емес аулау құралдарын пайдалана отырып, жеке тұтыну, спорттық және эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру, сондай-ақ спорттық жарыстар өткізу мақсатында балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулау.
Балық ресурстарын пайдалану шарттарына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
Жалпы пайдалану — тегін жүзеге асырылады. Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында әуесқойлық балық аулау кезінде бір балық аулаушыға бір рет барған кезде рұқсат ресімдемей 5 килограмға дейін балықты тегін аулауға жол беріледі.
Арнайы пайдалану — заңнамада көзделген жағдайларда ақылы негізде жүзеге асырылады.
Құжаттарды ресімдеу тәртібі су айдынының мәртебесіне, ауланатын балық көлеміне және белгіленген шектеулерге байланысты болады.
