Заңды өкілдер, мекеме иелері қандай жауапкершілікке тартылады

Инструкция

Кәмелетке толмағандар  ата-анасының, заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз:

  • сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болса, ата-анасы, заңды өкілдері 3 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге тартылады;
  • сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін тұрғын үй жайынан тыс жүрсе, ата-анасы, заңды өкілдеріне алдымен ескерту жасалады.

Егер осындай факт жыл ішінде қайталанса, 7 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген.

Баланың тиісті емес уақытта сол жерде болғаны үшін ойын-сауық мекемесінің иелеріне де айыппұл салынады. 

Айыппұл мөлшері құқық бұзушының мәртебесіне, сондай-ақ құқық бұзушы  жыл ішінде бұрын осындай құқық бұзушылығы үшін жауапқа тартылған ба жоқ па соған байланысты болады. Айыппұл қызмет немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтатумен бірге қолданылуы мүмкін.

Айыппұл мөлшерлері:

  • жеке тұлғаларға - 10 АЕК, құқық бұзушылық қайталанған кезде– 20 АЕК;
  • шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 15 АЕК , қайталанған кезде – 30 АЕК;
  • орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30 АЕК, қайталанған кезде – 50 АЕК;
  • ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 АЕК, қайталанған кезде – 100 АЕК.
Дата обновления - 29.05.2023
Справочная информация
196