Магистратура және докторантура бағдарламаларына өтініштер admission.apa.kz ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады.
Академияға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі:
- мемлекеттік органның жолдамасы (мемлекеттік қызметшілер үшін); жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
- жоғары (магистратураға түсу үшін) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі (докторантураға түсу үшін) білімі туралы құжаттың сканерленген нұсқасы қосымшасымен бірге;
- B1 деңгейінен төмен емес QAZAQ RESMI TEST (https://www.qrt.kz/ru) немесе KAZTEST (http://kazakhtest.kz) сертификаты (шетел азаматтарынан басқа);
- MPP, MIR, DIR, DPA, DE, DDPA, DDPAm бағдарламаларына түсушілер үшін келесі нәтижелері бар халықаралық сертификаттардың (IELTS, TOEFL IBT немесе TOEFL ITP, TOEIC) бірі:
- MPP, MIR - IELTS 4,0 баллдан кем емес, TOEFL IBT 29 баллдан кем емес немесе TOEFL ITP (1-ДЕҢГЕЙ) 343 баллдан кем емес, TOEIC 405 баллдан кем емес, Duolingo ағылшын тілі тесті 60 баллдан кем емес;
- DIR, DPA, DE, DDPA, DDPAm - IELTS 5,5 баллдан кем емес, TOEFL IBT 46 баллдан кем емес, TOEFL ITP (1-ДЕҢГЕЙ) 417 баллдан кем емес немесе TOEIC 550 баллдан кем емес, Duolingo ағылшын тілі тесті 95 баллдан кем емес;
- Мемлекеттік қызмет персоналы туралы бірыңғай автоматтандырылған дерекқордан (ақпараттық жүйеден) жүктелген немесе жұмыс орнындағы кадр бөлімімен куәландырылған жұмыс жазбасы (мемлекеттік қызмет үшін);
- басқа үміткерлер үшін – жұмыс тәжірибесін растайтын құжат;
- функционалдық тәжірибесін растауды талап ететін білім беру бағдарламаларына үміткерлер үшін жұмыс орнындағы кадр бөлімі растаған лауазымдық нұсқаулық және құрылымдық бөлімше туралы ереже қосымша талап етіледі;
- ғылыми-зерттеу ұсынысының жобасы (докторантура үшін);
- электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қойылған өтініш.
- Шетел азаматтары үшін өтініштің сканерленген нұсқасы.