Жеке куәлікті алу

Жүктеу

Ұлттық дәстүр бойынша тегін, атын және әкесінің атын өзгертуге байланысты жеке куәлікті ауыстыру

Жеке куәлікті ҚР Ішкі істер министрлігі "Азаматтарға арналған үкімет" (ХҚКО) КЕАҚ филиалдары арқылы береді.

Куәлікті ресімдеу үшін мемлекеттік баждың құны – 0,2 АЕК.

Ресімдеу мерзімі – 15 жұмыс күні.

 

Ұлты қазақ тұлғалар мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде қалаған тегін, әкесінің атын көрсетумен ерікті түрдегі өтінішін «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ филиалына (ХҚКО) беріп, жеке куәліктегі тегінің және әкесі атының жазуын өзгерту ниеті туралы өтінім бере алады (тегі мен әкесінің атында қазақ тіліне тән емес аффикстерді қоспағанда).

ХҚКО-ға барғанда өзіңізбен мынадай құжаттар болу тиіс:

  • Өтініш;
  • Туу туралы куәлік;
  • Ауыстыруға жататын жеке куәлік;
  • мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек (құны – 0,2 АЕК) не мемлекеттік баж төлеуден босатуды растайтын құжат.

Уақытты үнемдеу үшін онлайн-режимде ХҚКО-да кезекті броньдауды ұсынамыз.

Жаңарту күні: Көру саны:3327
  1. Ұлттық дәстүр бойынша тегін, атын және әкесінің атын өзгертуге байланысты жеке куәлікті ауыстыру