Дәріхананы қалай ашуға болады

Введение

Дәріхана ашу үшін сізге заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелу, сондай-ақ фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алу қажет.

Лицензия алу үшін штатта тиісті медициналық білімі бар қызметкерлер болуы қажет.

Дәріхананы ашқан кезде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды басшылыққа алу, сондай-ақ орынжайды қажетті медициналық жабдықтармен және күзеттік/өртке қарсы сигнализациясымен жабдықтау қажет.

Төменде келтірілген тармақтарда әрбір қадамның егжей-тегжейлері толық ашылып, онлайн-режимде қызмет алу мүмкіндігі ұсынылды.

ЖК қалай тіркеуге болады

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою хабарлама жасау тәртібіне ауыстырылды, оған сәйкес жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркеу үшін мемлекеттік кіріс органына дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама ұсынады.

Дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаны 2 тәсілмен жіберуге болады:

  •  электрондық-Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау e-license порталы арқылы;
  • екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасы арқылы хабарлама беруге болады, бұл ретте ЖК тіркеу сервисі e-license мемлекеттік ақпараттық жүйесі (ЕЛ МДҚ) арқылы жүзеге асырылады.

Бірлескен дара кәсіпкерліктің уәкілетті адамы бірлескен дара кәсіпкерлік ретінде мемлекеттік тіркеу үшін Кәсіпкерлік кодекстің 36-бабының 1-тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік кіріс органына немесе рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша хабарламаны, сондай-ақ бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушыларының атынан қол қойылған сенімхатты ұсынады.

Кәсіпкерлік кодексінің 36-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік кіріс органы қажетті құжаттарды ұсынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде бірлескен дара кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеуді жүргізеді.

Егер өтініш беруші кәмелетке толмаған жағдайда, хабарламаға заңды өкілдердің келісімі, ал мұндай келісім болмаған кезде - неке қию  туралы куәліктің көшірмесі не қорғаншы және қамқоршы органның шешімі немесе кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы соттың шешімі қоса беріледі.


Өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады.

Мемлекеттік кіріс органы жеке тұлға көрсетілген құжаттарды ұсынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеуді жүргізеді.

Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастардан басқа, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Ресей Федерациясының, Қырғыз Республикасының, Беларусь Республикасының, Тәжікстан Республикасының, Армения Республикасының азаматтары жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыра алатынына назар аударамыз.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген адамдар дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама беруге құқылы емес.


Осылайша, қызметті бастау туралы хабарламаны ЖК ретінде берген кезде ЖСН тексеру жүргізіледі.

 

{"id":17349,"source_id":3886,"title":"Жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы хабарлама","service_link":"http://idp.egov.kz/idp/r?ts=ELICENSE&url=https%3A%2F%2Felicense.kz%2FLicensingContent%2FServicesList%3Fscode%3D2016.%25D0%259C%25D0%25A4.%25D0%25A33"}

Фармацевтикалық қызметке лицензияны қалай алуға болады

Фармацевтикалық қызметке лицензия алу онлайн жүзеге асырылады, қызмет толығымен автоматтандырылған.

Лицензия алуға өтінім Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаментіне жіберіледі.

Лицензия алуға өтінімді жеке онлайн-қызмет арқылы беру керек.

{"id":16879,"source_id":3765,"title":"Фармацевтикалық қызметке лицензия беру","service_code":"00602013","service_link":"https://www.elicense.kz/LicensingContent/Passport?servicesType=LicenseEl3&servicesParameters=%7B%22ActivityTypeId%22%3A%22276%22%2C%22SelectedSubActivityIds%22%3A%22%22%7D&lang=kk"}

Фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру бойынша қызметтің құны-10 АЕК. Қызмет көрсету мерзімі, яғни лицензия беру – 15 жұмыс күні;

Қызметті онлайн қалай алуға болады

Бұл қызмет еlicense.kz порталында «Денсаулық сақтау → қызметті лицензиялау» бөлімінде орналасқан.

Қызметті алу үшін «электрондық лицензиялау» порталына кіру немесе тіркелу қажет. 

«Электрондық лицензиялау» порталының бетінде қажетті қызмет түрін таңдаңыз (мысалы, дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу) және «бұдан әрі қарай» батырмасы бойынша өтіңіз.

Қызмет паспортында қызмет туралы қысқаша ақпаратпен танысып, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз.

Бұдан әрі өтініштің барлық жолдарын толтыру, лицензиялық алымды (10 АЕК) төлеу және сіздің ЭЦҚ қол қою қажет.

Өтініш бергеннен кейін 12 жұмыс күні ішінде медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің қызметкері шығады және сіздің орынжайдың дәріханаларға қойылатын талаптарға сәйкестігін тексереді. Тексергеннен кейін, егер қызметкерлердің орынжайы мен біліктілігі сәйкес келсе, лицензия беру туралы шешім қабылданады, онда сізге лицензия беріледі.

Берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте «Менің өтініштерім» бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсат алу туралы «Менің рұқсат құжаттарым» бөлімінен біле аласыз.

Дәріхананы ашуға қалай дайындалу керек

Дәріхананы ашу үшін Сізге қолайлы орынжайды сатып алу немесе жалға алу қажет.

Содан кейін оны қажетті медициналық жабдықтармен жабдықтау қажет. Медициналық препараттар сақталатын орынжайда ауа параметрлерін тіркейтін арнайы аспаптар қажет, сондай-ақ  тоңазытқыштармен, стеллаждармен, сейфтермен және медициналық препараттарды сақтауға арналған шкафтармен жабдықталуы тиіс. Нарықта қажетті жабдықты сатып алуға болатын көптеген жиһаз ұйымдары мен фирмалары бар.

Дәріханаға арналған орынжай дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарда көрсетілген барлық тармақтарға сәйкес келуі тиіс.

Бұдан басқа, дәріхана жарық-дыбыс, күзет және өртке қарсы сигнализациялармен жабдықталуы тиіс.

Сатушылар ретінде Сізге тиісті білімі бар қызметкерлерді жұмысқа алу қажет. 

ЗТ онлайн қалай тіркеуге болады

Заңды тұлғаны шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде онлайн режимінде тіркеуге болады. ЗТ тіркеуден басқа электрондық қызмет, банк шотын ашу және жұмыскерлерді міндетті сақтандыру шартын жасау мүмкіндігін қамтиды.

{"id":4328,"source_id":3932,"title":"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, банктік шот ашу және өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан жұмыскерді міндетті сақтандыруды ескере отырып олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу","service_code":"00901001","service_link":"http://egov.kz/services/Com03/"}

Бетке өткенде «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз:

1.Бірінші қадамда сіз өзіңіздің жеке басыңызды растауыңыз керек.

Одан кейін, екінші қадамда сіз тіркеу түрін таңдауыңыз керек: (Шағын бизнес субъектілерін мемлекеттік тіркеуге өтініш).

Ұйымдастырушылық-құқықтық нысанды көрсетіп, өрістерді компанияңыздың толық және қысқартылған атауымен үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде толтыруыңыз керек. Әрі қарай, директордың ЖСН-ін, заңды тұлғаның уәкілетті органының директорды тағайындау туралы шешімінің нөмірі мен күнін көрсетуіңіз керек.

Құрылтайшылар туралы ақпаратты көрсеткен кезде өрістерді олардың ЖСН/БСН, толық аты-жөні/тегімен толтыруыңыз керек, сондай-ақ олардың салымының мөлшері және жарғылық капиталдағы үлесі туралы ақпарат беруіңіз керек.

Содан кейін, бенефициар иесін көрсетіңіз (бенефициар - жарғылық капиталдағы немесе клиенттің - заңды тұлғаның орналастырылған (артықшылықты және компания сатып алған акцияларын шегергенде) акцияларының жиырма бес пайызынан астамына тікелей немесе жанама түрде иелік ететін жеке тұлға, сондай-ақ клиентті басқаша бақылауды жүзеге асыратын немесе клиент оның мүддесі үшін ақшамен және (немесе) басқа мүлікпен операциялар жүргізетін жеке тұлға).

Заңды тұлға стандартты жарғы бойынша жұмыс істей ме және ҚҚС төлеуші ​​ретінде тіркеле ме. Әрі қарай, заңды мекенжайын, байланыс ақпаратын және негізгі экономикалық қызмет кодын, сондай-ақ қызметкерлердің шамамен санын көрсетіңіз. Беттің төменгі жағында сіз осы өтінішпен банк шотын ашып, сақтандыру шартына дереу қол қойғыңыз келетінін көрсете аласыз. Егер сіз мұны өзіңіз офлайн режимінде жасауды жоспарласаңыз, бұл опцияны белгілемеңіз.

2. Келесі қадамда барлық енгізілген ақпараттың қателерінің бар-жоғына мұқият қайта тексеру керек.

3. Егер бірінші бетте банк шотын онлайн ашқыңыз келсе, үшінші қадамда сізден осы рәсімді жүзеге асыру үшін барлық мәліметтер талап етіледі.

Тізімнен бір банкті таңдаңыз (Альфа-Банк, Қазақстан Халық Банкі, Fortebank немесе Jýsan Bank), оның филиалын және пайдаланылатын валютаны (теңге, доллар, евро) көрсетіңіз.

Шотты ашу үшін банктің толтырылған сауалнамасын қоса беріңіз, оның үлгісін ЕДБ таңдағаннан кейін бірден көшіріп алуға болады. Сауалнама міндетті құжат болып табылады.

Бұдан әрі сіз келесі тізімнен құжаттарды қоса бере аласыз, олар болған жағдайда:

  • Банк пен клиент арасындағы шартқа қосылу туралы өтініш;
  • Жарғы;
  • Қол қою үлгілері;
  • Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінен үзінді;
  • Сенімхат (ЗТ сенімді өкілнен берілген жағдайда).

Көрсетілген құжаттардың қоса берген жақсы болар, бірақ міндетті емес.

4. Келесі қадам сақтандыру шартын жасасуға өтінімді толтыруға арналған.

Сақтандыру компаниясын тізімнен таңдаңыз:

Жылдық еңбекақы қоры туралы ақпаратты қамтитын қызметкерлер туралы мәліметтермен сауалнаманы толтырыңыз және сіздің кәсіпорныңызда еңбекті қорғау тақырыбына сауалнамада белгі қойыңыз. Бір қызметкерге жылдық еңбекақы төлеу қоры кемінде 12 ЖТМ және кемінде 120 ЖТМ болуы тиіс.

Сақтандыру кезеңінің басталу күнін көрсетіңіз, компания жарғысымен қызметкерлердің тізімін бекітіп, сақтандыру шарттарымен келісетіні туралы тармақтарға белгі қойыңыз.

Осымен композиттік қызметтің өтінімін толтырудың кезеңі аяқталады, содан кейін құрылтайшылардан оны ЭЦҚ арқылы растау қажет болады. Осыдан кейін өтінімге өтініш берушінің өзі қол қояды және ол тіркеуші органға бекітуге жіберіледі.

Өтінімді өңдеуді күту мерзімі – 2 жұмыс күні. Сонымен қатар, заңды тұлғаны онлайн-тіркеу тегін, яғни мемлекеттік баж салығын төлеуді талап етпейді. Қызмет көрсетуді аяқтау нысаны: Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу және филиалды, өкілдікті тіркеу туралы анықтама немесе дәлелді бас тарту.