Дәріхананы ашу үшін Сізге қолайлы орынжайды сатып алу немесе жалға алу қажет.
Содан кейін оны қажетті медициналық жабдықтармен жабдықтау қажет. Медициналық препараттар сақталатын орынжайда ауа параметрлерін тіркейтін арнайы аспаптар қажет, сондай-ақ тоңазытқыштармен, стеллаждармен, сейфтермен және медициналық препараттарды сақтауға арналған шкафтармен жабдықталуы тиіс. Нарықта қажетті жабдықты сатып алуға болатын көптеген жиһаз ұйымдары мен фирмалары бар.
Дәріханаға арналған орынжай дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарда көрсетілген барлық тармақтарға сәйкес келуі тиіс.
Бұдан басқа, дәріхана жарық-дыбыс, күзет және өртке қарсы сигнализациялармен жабдықталуы тиіс.
Сатушылар ретінде Сізге тиісті білімі бар қызметкерлерді жұмысқа алу қажет.