Дәріхананы қалай ашуға болады
ЖүктеуФармацевтикалық қызметке лицензияны қалай алуға болады
Фармацевтикалық қызметке лицензия алу онлайн жүзеге асырылады, қызмет толығымен автоматтандырылған.
Лицензия алуға өтінім Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаментіне жіберіледі.
Лицензия алуға өтінімді жеке онлайн-қызмет арқылы беру керек.
Фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру бойынша қызметтің құны-10 АЕК. Қызмет көрсету мерзімі, яғни лицензия беру – 15 жұмыс күні;
Қызметті онлайн қалай алуға болады
Бұл қызмет еlicense.kz порталында «Денсаулық сақтау → қызметті лицензиялау» бөлімінде орналасқан.
Қызметті алу үшін «электрондық лицензиялау» порталына кіру немесе тіркелу қажет.
«Электрондық лицензиялау» порталының бетінде қажетті қызмет түрін таңдаңыз (мысалы, дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу) және «бұдан әрі қарай» батырмасы бойынша өтіңіз.
Қызмет паспортында қызмет туралы қысқаша ақпаратпен танысып, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз.
Бұдан әрі өтініштің барлық жолдарын толтыру, лицензиялық алымды (10 АЕК) төлеу және сіздің ЭЦҚ қол қою қажет.
Берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте «Менің өтініштерім» бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсат алу туралы «Менің рұқсат құжаттарым» бөлімінен біле аласыз.
