Жеке абилитация және оңалту бағдарламасы (АОЖБ) дегеніміз не?
ЖүктеуКәсіптік оңалту нені қамтиды
Кәсіптік оңалту мүгедектігі бар адамдарға олардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіптік дағдыларды меңгеруге және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге бағытталған.
Ол мыналарды қамтуы мүмкін:
-
кәсіптік бағдар беру;
-
кәсіптік оқыту;
-
қайта даярлау және біліктілікті арттыру;
-
жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
-
еңбек жағдайларын бейімдеу жөніндегі іс-шаралар.
Кәсіптік оңалту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органдардың, білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілердің қатысуымен жүргізіледі.
Кәсіптік оңалту іс-шаралары жеке тәртіппен айқындалады және АОЖБ-ның тиісті бөлімінде көрсетіледі.
