Жеке абилитация және оңалту бағдарламасы (АОЖБ) дегеніміз не?

Жүктеу

Әлеуметтік оңалту нені қамтиды

Әлеуметтік оңалту мүгедектігі бар адамның өз бетінше өмір сүруіне, жүріп-тұруына, қарым-қатынас жасауына және қоғамдық өмірге қатысуына жағдай жасауға бағытталған.

АОЖБ-ға байланысты әлеуметтік оңалту мыналарды қамтуы мүмкін:

  • протездік-ортопедиялық көмек;

  • сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету;

  • міндетті гигиеналық құралдар;

  • арнаулы жүріп-тұру құралдары;

  • жеке көмекшінің қызметтері;

  • ымдау тілі маманының қызметтері;

  • санаторийлік-курорттық емдеу;

  • арнаулы әлеуметтік қызметтер.

Іс-шаралар цифрлық жүйелер арқылы қалай жүзеге асырылады?

  1. Тиісті іс-шара АОЖБ-да көзделеді.

  2. Құралды немесе қызметті алуға арналған өтініш белгіленген тәртіппен тіркеледі.

  3. АОЖБ және тиісті іс-шара туралы мәліметтер «Е-Собес» ААЖ-да өңделеді.

  4. Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылатын іс-шаралар бойынша деректер порталға беріледі.

  5. Алушы белгіленген тәртіппен тауарды немесе қызмет көрсетушіні таңдайды.

  6. Іс-шараның орындалуы туралы мәліметтер порталдан «Е-Собес» ААЖ-ға беріледі.

Қызмет көрсетушіні таңдау үшін қанша уақыт беріледі?

Әлеуметтік қызметтер порталын пайдалану қағидаларына сәйкес қызмет көрсетушіні таңдау АОЖБ іс-шарасының порталға жіберілгені туралы хабарлама алынған күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырылады.

Егер белгіленген мерзімде таңдау жасалмаса, таңдау мүмкіндігі бұғатталады. Оны қайта қалпына келтіру үшін порталдың жеке кабинетінде қызмет көрсетушіні таңдау мүмкіндігін белсендіру функциясы көзделген, одан кейін тиісті мәліметтер «Е-Собес» ААЖ-ға беріледі.

Маңызды! Жекелеген құралдар мен қызметтер үшін ресімдеудің, ұсынудың және ақы төлеудің арнайы қағидалары қолданылады. Іс-шараның АОЖБ-да болуы тиісті тәртіпті сақтау қажеттілігін жоймайды.

Жаңарту күні: Көру саны:3065
  1. Әлеуметтік оңалту нені қамтиды