Жеке абилитация және оңалту бағдарламасы (АОЖБ) дегеніміз не?

Жүктеу

АОЖБ әзірлеу

Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы (АОЖБ) денсаулық жағдайын, тіршілік-тынысының шектелуін, медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді, сондай-ақ мүгедектігі бар адамның жеке қажеттіліктерін ескере отырып әзірленеді.

АОЖБ қалай әзірленеді?

  1. Медициналық ұйым қажетті тексерулерді жүргізеді және медициналық оңалту іс-шараларына қажеттілікті айқындайды.

  2. Медициналық-әлеуметтік сараптамаға (МӘС) жіберу кезінде тиісті мәліметтер медициналық құжаттарға енгізіледі.

  3. МӘС жүргізу кезінде әлеуметтік және кәсіптік оңалту іс-шараларына қажеттілік айқындалады.

  4. Көзделген іс-шаралардың түрлері мен іске асыру мерзімдері көрсетіле отырып, АОЖБ қалыптастырылады.

  5. Бағдарламадағы мәліметтерді уәкілетті органдар мен ұйымдар тиісті құралдар мен қызметтерді ұсыну үшін пайдаланады.

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларында көзделген жағдайларда МӘС күндізгі немесе сырттай проактивті форматта жүргізілуі мүмкін.

АОЖБ әзірлеу мерзімі

Күндізгі куәландыру кезінде АОЖБ жүгінген күні, ал сырттай проактивті куәландыру кезінде МӘС актісінің жобасы келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әзірленеді.

АОЖБ жекелеген іс-шараларды іске асыру мерзімдері көрсетіле отырып, белгіленген мүгедектік мерзіміне әзірленеді.

Маңызды! Денсаулық жағдайы немесе оңалту құралдарына қажеттілік өзгерген жағдайда АОЖБ-ға түзетулер енгізу мәселесі белгіленген тәртіппен шешіледі.

Жаңарту күні: Көру саны:2454
  1. АОЖБ әзірлеу