Баланы асырап алу

Жүктеу

Бала асырап алуға рұқсат алғаннан кейін не істеу керек

Асырап алушы ата-аналарға кандидат болу мүмкіндігі туралы және Республикалық деректер банкінің ақпаратын таратпау туралы міндеттеме қабылдау туралы оң қорытынды жасағаннан кейін, асырап алушы ата-аналарға үміткерлер балалардың сауалнамаларын кейіннен асырап алуы үшін көре алады.

Республикалық деректер банкі балалар үйімен танысу және кейіннен сөйлесу үшін жолдама қалыптастырады.

Бала асырап алуға болу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы оң қорытындысы бар және Республикалық деректер банкінің мәліметтерін жария етпеу туралы міндеттемелерді қабылдаған жағдайда бала асырап алуға үміткерлер асырап алу үшін балалардың  сауалнамаларын көре алады.

Республикалық деректер банкі балалар үйіне баламен танысу және одан кейінгі қарым-қатынас үшін жолдама қалыптастырады.

Қолда бар жолдамаға сәйкес жеке өзі:

  • қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің қатысуымен тиісті білім беру, медициналық және өзге де ұйымның ережесіне сәйкес режим талаптарын сақтай отырып, баланың тұрақты тұрғылықты жерінде онымен кемінде екі апта тікелей қатынасып (баламен, оның әдеттерімен, талғамымен, мінезінің ерекшеліктерімен жеке танысу, серуендеу, ойындар) баламен тікелей байланыс орнату керек;
  • бала туралы толық ақпарат алады және оның құжаттарымен танысады;
  • баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындымен танысу фактісін жазбаша нысанда растайды;
  • бала тұратын білім беру, медициналық және өзге де ұйым өкілінің қатысуымен асырап алынатын баланы тәуелсіз медициналық куәландырудан өткізу үшін медициналық мекемеге жүгінеді;
  • бала асырап алудан немесе бала асырап алу рәсімінен бас тартуды жазбаша растайды (растау бланкінің кандай түрде екендігін білу).

Барлық құжаттарды дайындаған соң  асырап алуға үміткерлер құжаттарды қоса тіркеп, сотқа өтініш береді. 

Білім беру басқармасы/бөлімі комиссияның қорытындысы негізінде, асырап алушының  баламен жеке қарым-қатынас жасау фактісі туралы мәліметтерді көрсете отырып, баланы асырап алуға беру туралы рұқсатты сотқа береді.   

Сотта сіздің өзіңіздің қатысуыңыз, орган өкілінің және прокурордың қатысуы міндетті.   

Жеке басын куәландыратын құжатты және сот шешімін ұсынып, асырап алынған баланы балалар үйінен, интернаттан немесе өзге ұйымнан  алып кету.  

Баланың құжаттарны АХАТ немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ қайта тіркеу немесе ЖСН тағайындау.

Бала асырап алудан кейінгі есептерді ұсыну: 

Бала асырап алушылар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен асырап алынған баланың өмір сүру, оқу, тәрбиелеу жағдайлары және денсаулық жағдайы туралы есептерді ұсынады.

Есептерді ұсыну жиілігі бала асырап алушылардың санатына және олардың тұрақты тұратын жеріне байланысты. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын асырап алушылар мен шетелдік асырап алушылар үшін есептер бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейінгі алғашқы үш жыл ішінде әрбір алты ай сайын, ал кейінгі жылдары — бала кәмелетке толғанға дейін жылына кемінде бір рет ұсынылады.

Есептерді ұсыну тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 551 бұйрығымен айқындалады.

Жаңарту күні: Көру саны:1703
  1. Бала асырап алуға рұқсат алғаннан кейін не істеу керек