Мектепке оқуға қабылдау

Введение

Мектептегі оқушылық өмірінің басталуы бала мен оның ата-анасы үшін өте маңызды және қызықты оқиға екені сөзсіз. Мектеп балаларға негізгі білім береді, олардың әлеуметтік дағдыларын дамытады және көптеген жылдар бойы екінші үйі десе болғандай.

Сіз үшін, ата-аналар үшін, баланың қалаған мектепке кедергісіз қабылдануы үшін барлық қажетті құжаттарды дұрыс ресімдеу қажет. Бұл мақалада біз мұны қалай дұрыс жасау керектігін айтамыз.

 

 

 

Бірінші сыныпқа баратын бала не істей алуы тиіс?

Мектеп бағдарламасында бірінші сыныптағы әліппе мен есепшотты үйрену қарастырылған болса да, балаға мектепке дейін оған оқуда көмектесетін келесі негізгі дағдыларды алған жөн:

  • өзінің аты-жөнін; 
  • қай қалада/елде тұратынын білу;
  • ең көп таралған өсімдіктердің, жануарлардың аттарын білу;
  • жабайы жануарларды үй жануарларынан ажырата білу;
  • жемістер мен көкөністерді білу;
  • күннің уақытын, жыл мезгілдерін;
  • негізгі түстерді білу.

Зияткерлік даму

  • қарапайым есептерді;
  • топтағы артық затты табу;
  • топқа жетіспейтін элементтерді қосу;
  • осы немесе басқа заттардың қандай ұқсас немесе ерекшеленетінін айта алу.

Есту, көру, зейін, есте сақтау, сөйлеу

  • ұқсас екі суреттен 3-5 айырмашылықты табу;
  • өлеңді жатқа оқу, ертегі айту.

Математика негіздері

  • 1-ден 10-ға дейін санай білу;
  • қарапайым геометриялық фигураларды білу;
  • заттарды көбірек, азырақ салыстыра білу.

Балаңызды қай мектепке бере аласыз?

Балаларды қабылдаудың үлгілік ережелеріне сәйкес, ата-аналардың таңдауы бар: сізге ұнайтын мектеп және тіркелуге сай мектеп. Сіз оны осылай шеше аласыз:

  • Баланың ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері алдымен өздері тұратын жердегі мектептермен байланысуы керек. Бұл мектептер оқушыны қабылдаудан бас тарта алмайды;
  • баланың жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып, мектеп таңдауға болады.

Ата-аналардың көпшілігі жалпыға бірдей мынадай талаптарды басшылыққа алады:

  • бастауыш сынып мұғалімі жақсы;
  • мектептің орналасқан жері (үйден немесе әкесі мен анасының жұмыс орнына қарым-қашықтық);
  • мектеп жабдықтары (кабинеттер, компьютер бөлмесі, спорт залы, абаттандыру);
  • ұзартылған сабақ сыныбы /класс/ болуы;
  • жеке пәндерді тереңдетіп оқу немесе гуманитарлық, математикалық және жаратылыстану ғылымдары бойынша бірінші сыныптан оқушылардың бөлінуі;
  • Факультативтер таңдау (спорт секциялары, шығармашылық үйірмелер);
  • оқу уақыты басталуы (бастауыш сыныптар үшін бірінші немесе екінші ауысым);
  • Мектептің ҰБТ бойынша көрсеткіштері және т.б.

Мектепті таңдау үшін алдымен сіз одан нені қалайтындығыңызды шешуіңіз керек. Қандай факторлар ең маңызды болады қарауыңыз қажет.

Бала қай жастан бірінші сыныпқа барады?

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағына және орта білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының 9 тармағына сәйкес алты жастан бастап балаларды бірінші сыныпқа қабылдау жүзеге асырылады.

ҚР жалпы білім беретін мектептері 5 жастан бастап, егер олар ағымдағы жылдың желтоқсан айының соңына дейін 6 жасқа толса, бірінші сыныпқа қабылдай алады. 

 

Мектепке баланы апарарда не білуіңіз керек

Бастауыш білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданған кезде емтихандар, тестілеу, сынақтар, конкурстар өткізілмейді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделмеген құжаттарды, анықтамаларды (жұмыс орнынан, жалақы туралы), хаттарды және т.б. талап етуге жол берілмейді.

Мамандандырылған білім беру ұйымдарында, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқуға қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Балалардың дайындық деңгейі мен даму деңгейіне сәйкес кластарды /сынып/ қалыптастыруға жол берілмейді. 

Егер сіздің балаңыздың тұратын жері, тұрақты немесе уақытша тіркеуге сәйкес, бұл мектепке байланысты болмаса, онда мектеп әкімшілігі оны егер мектепте бос орындар болса, қабылдай алады.

Егер балада егу /вакцинация/ болмаса, олар мектепке барудан бас тарта ала ма?

Жоқ. Мүмкін емес. Балаларды мектепке тіркеу үшін егу бар немесе жоқ екендігі белгіленген № 052-2/у және 065 / у нысандарындағы медициналық құжаттар қажет. Алайда, егер екпелер көрсетілімдер бойынша емес, бірақ ата-аналардың сенімі бойынша болса, онда ешкімнің осы негізде қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ.

 

Жалпы білім беру мекемесіне қабылдау

Бірінші сыныпқа балалардың құжаттарын қабылдау 1 сәуірден бастап 31 тамызға дейін жүзеге асырылады. Мектепке алты жасар балалар мен ағымдағы күнтізбелік жылы 6 жасқа толатын балалар қабылданады.

Айта кету керек, баланың жасы 1 қыркүйек айы жағдайына толық 6 жасқа толған болса, барлық балалар қабылданады. Ал жасы толық 6-ға толмаған балалардың (олардың жасы үстіміздегі жылы 1 қыркүйектен кейін толатын болса) тек ата-аналары немесе басқа заңды тұлғалары қалаған жағдайда мектепке бару мүмкіншіліктері бар.

Ережеге сәйкес 1-сыныпқа қабылдау кезінде алдымен қызмет көрсету аумағынан өтініш (тіркелу орны бойынша) білдірген үш үміткер, содан кейін басқа аумақтан бір үміткер қабылданады.

Білім беру ұйымы міндетті көрсетілген тізбеден тыс құжаттарды тапсыруды өтініш берушіден (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы) талап етуге құқығы жоқ.

Құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке қабылдау электрондық үкіметтің еgov.kz веб-порталы және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы автоматтандырылған. Бұл мемлекеттік қызметті орта білім беру ұйымдары бір жұмыс күні ішінде көрсетеді.

{"id":17194,"source_id":4301,"title":"Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы)","service_link":"https://egov.kz/services/P50.06/"}

Жалпы білім беретін орта мектепке қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі

Қазақстан азаматтары үшін:

  • өтініш;
  • денсаулық жағдайы туралы анықтама, №065у нысан;
  • баланың денсаулық паспорты № 052-2/у;
  • өлшемі 3х4 см баланың суреті (2 дана).

Шетелдіктер үшін

Шетелдіктер үшін Қазақстан Республикасының азаматтары үшін бірдей талап қолданылады. Ата-аналар немесе басқа заңды өкілдер біздің елде уақытша немесе тұрақты тұруы керек.

Шетелдіктер мектепке Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығы туралы құжатты, тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы белгісін бірге ұсынуы керек:

  • шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
  • азаматтығы жоқ адам - ​​азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
  • босқын - босқын туралы куәлік;
  • босқын - пана іздеуші - босқын - пана іздеген адамның куәлігі;
  • қандас - қандас куәлігі немесе көші-қон органдарының куәлігі.

16 жасқа дейінгі шетелдіктер мен азаматтығы жоқ балалардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері өз баласын білім беру ұйымына айқындау кезінде оқуға жолдама алу үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарына жүгінеді және Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығын растайтын құжатын ұсынады.

Білім басқармасының жолдамасы негізінде мектеп директоры оларды тиісті сыныптарда оқитындардың қатарына, шетелде алған білім деңгейіне сәйкес, білім беру құжаттарына сәйкес тіркейді. Білім беру бөлімдерінде мұндай құжаттар болмаған кезде өтініш берушінің білім деңгейін анықтайтын комиссия құрылады.

Шетелдіктерге қажет құжаттар тізімі

  • Баланың ата-анасы немесе қамқоршысының еркін нысандағы өтініші
  • туу туралы куәліктің көшірмесі.
  • Денсаулық туралы анықтама.
  • 3x4 см көлеміндегі 2 фотосурет.
  • тұруға рұқсат ыхтярхаты және көші-қон картасы.
  • жеке басын куәландыратын құжат

Гимназия мен лицейге балаларды конкурстық негізде қабылдау қарастырылған.

Балаларды гимназия мен лицейде 1-сыныпқа қабылдау кезінде емтихандар күнтізбелік жылдың 15 маусымына дейін өткізіледі, оның мерзімдері, нысандары мен тапсырмаларын білім беру ұйымы дербес айқындайды.

Мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдау жеке ақпараттық жүйелер арқылы немесе мектептер базасында жүзеге асырылады.

Бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықты орта білім беру ұйымы ағымдағы жылдың 25 тамызынан кейін жариялайды.