«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім алуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қағидаларға сәйкес, бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары бірінші сыныпқа алты жасар балаларды және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балаларды, олардың дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, қабылдауды жүзеге асырады.