Мектепке оқуға қабылдау

Жүктеу

Бірінші сыныпқа баратын бала не істей алуы тиіс?

Баланы бірінші сыныпқа қалай дайындауға болады

Баланың мектепке сәтті бейімделуі үшін оның дербестігін, сөйлеу қабілетін, зейінін, есте сақтау қабілетін және қарым-қатынас дағдыларын алдын ала дамыту пайдалы.

Балаға мынадай дағдыларды үйрету ұсынылады:

  • өз аты мен тегін айту;

  • ересектерден көмек сұрау;

  • қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау;

  • өзіне-өзі қызмет көрсету бойынша негізгі әрекеттерді өз бетінше орындау;

  • әңгімелесушіні тыңдау және қарапайым нұсқауларды орындау;

  • құрдастарымен қарым-қатынас жасау және бірлескен іс-шараларға қатысу.

Сондай-ақ ертегілер оқу, сурет салу, есте сақтау қабілетін, зейінді және ұсақ моториканы дамытуға арналған ойындар ойнау пайдалы.

Маңызды: оқу, жазу, санау дағдыларын меңгеру және арнайы тесттерден өту жалпы білім беретін мектептің бірінші сыныбына қабылданудың міндетті шарты болып табылмайды.

Жаңарту күні: Көру саны:10808
  1. Бірінші сыныпқа баратын бала не істей алуы тиіс?