Құжаттарды қалай апостильдеуге (заңдастыруға) болады

Жүктеу

Әділет органдарының құжаттарына, азаматтық хал актілерін және нотариустарды тіркеуге апостиль қою

Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әділет департаменттері экстерриториялық қағидат бойынша көрсетеді.

Өтініш беру тәсілдері

Өтінішті мынадай тәсілдермен беруге болады:

  1. Қағаз түрінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО) арқылы.

  2. Электрондық түрде www.egov.kz порталы арқылы.

ХҚКО арқылы жүгінген кезде

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген өтініш пен құжаттарды ұсыну қажет.

Апостиль қойылатын құжат белгіленген талаптарға сәйкес ұсынылады.

Өкіл жүгінген жағдайда оның өкілеттіктері расталуы тиіс.

Мемлекеттік цифрлық жүйелерден алуға болатын мәліметтер өтініш берушіден қайта талап етілмеуге тиіс.

eGov.kz арқылы жүгінген кезде

  1. Порталда авторизациядан өтіңіз.

  2. «Қазақстан Республикасының әділет, азаматтық хал актілерін тіркеу органдарынан және өзге де мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін таңдаңыз.

  3. Электрондық өтінішті толтырыңыз.

  4. Қызмет талаптарына сәйкес цифрлық немесе сканерленген құжатты және басқа да қажетті материалдарды тіркеңіз.

  5. Мемлекеттік бажды көзделген тәсілмен төлеңіз.

  6. Өтінішке электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойыңыз.

  7. Жеке кабинетте өтініштің мәртебесін қадағалаңыз.

Электрондық өтініш келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде жеке кабинетке мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

Нәтиже

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Қағидаларда көзделген тәртіппен және нысанда ұсынылады.

Дайын құжатты ХҚКО арқылы алу кезінде өтініш беруші құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатты және жеке басын куәландыратын құжатты немесе сәйкестендіру үшін цифрлық құжатты ұсынады.

 
Жаңарту күні: Көру саны:6935
  1. Әділет органдарының құжаттарына, азаматтық хал актілерін және нотариустарды тіркеуге апостиль қою