Құжаттарды қалай апостильдеуге (заңдастыруға) болады

Жүктеу

Қандай құжаттарды апостильдеуге болады

Қазақстан Республикасында ресми құжаттарға апостиль қоюды құжаттың түрі мен шығу тегіне қарай уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

Мұндай құжаттарға, атап айтқанда, мыналар жатады:

  • әділет органдарының, азаматтық хал актілерін тіркеу органдарының және нотариустардың құжаттары;

  • білім беру ұйымдарының құжаттары;

  • сот органдарының ресми құжаттары;

  • прокуратура, тергеу және анықтау органдарының құжаттары;

  • архивтік анықтамалар, үзінді көшірмелер және архивтік құжаттардың көшірмелері;

  • Қаржы министрлігінің тиісті бөлімшелерінен шығатын құжаттар;

  • Қорғаныс министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің уәкілетті бөлімшелерінің архивтік құжаттары.

Құжаттардың әрбір санаты үшін тиісті мемлекеттік қызметті таңдау қажет. Өтініш беру тәсілдері, қажетті құжаттардың тізбесі, мерзімдер және қызмет нәтижесін беру тәртібі нақты мемлекеттік қызметтің қағидаларымен айқындалады.

Жаңарту күні: Көру саны:4617
  1. Қандай құжаттарды апостильдеуге болады