Құжаттарды қалай апостильдеуге (заңдастыруға) болады

Жүктеу

Құжаттарды консулдық заңдастырудан апостильдеу немен ерекшеленеді

Қазақстан Республикасының ресми құжатын шетелде пайдалану үшін апостиль қою немесе консулдық заңдастыру талап етілуі мүмкін.

Апостиль қою — шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талабын жоятын 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясына сәйкес арнайы куәландыру мөртабанын қою.

Апостиль қолтаңбаның түпнұсқалығын, құжатқа қол қойған адамның қандай лауазымда немесе мәртебеде әрекет еткенін және қажет болған жағдайда мөрдің немесе мөртабанның түпнұсқалығын растайды. Апостиль құжат мазмұнының дұрыстығын растамайды.

Консулдық заңдастыру — қолданылатын халықаралық шарттарда өзге тәртіп көзделмесе, ресми құжатты шет мемлекетте пайдалану үшін куәландыру рәсімі.

Қажетті рәсімді қалай анықтауға болады?

  1. Құжаттың қай елде пайдаланылатынын нақтылаңыз.

  2. Қазақстан мен осы ел арасында 1961 жылғы Гаага конвенциясының қолданылатынын тексеріңіз.

  3. Халықаралық шартта апостиль қоюдан немесе заңдастырудан босату көзделген-көзделмегенін тексеріңіз.

  4. Құжат ұсынылатын ұйымның немесе мемлекеттік органның талаптарын нақтылаңыз.

Гаага конвенциясына қатысушы мемлекеттердің өзекті тізімі Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының (HCCH) ресми сайтында орналастырылған.

 
Жаңарту күні: Көру саны:3918
  1. Құжаттарды консулдық заңдастырудан апостильдеу немен ерекшеленеді