Банк­тік және мик­ро­қар­жы ак­тив­те­рі са­ты­ла­тын элек­трон­дық са­уда ала­ңы­ның опе­ра­то­ры қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру құқы­ғы­на рұқ­сат бе­ру

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:

  1. Осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш бе­ру­ші­нің элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат тү­рін­де­гі өті­ніш (мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну про­це­сін ав­то­мат­тан­ды­ру ке­зін­де).
  2. Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында құрылтай құжаттары болмаған немесе уәкілетті органның оларды «цифрлық үкіметтің» веб-порталы арқылы алуы мүмкін болмаған жағдайда, олардың нотариат куәландырған электрондық көшірмелері.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін, са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) өті­ніш бе­ру­ші­нің «Қар­жы на­ры­ғы мен қар­жы ұй­ым­да­рын мем­ле­кет­тік рет­теу, ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на (бұ­дан әрі – Заң) сәй­кес тый­ым са­лын­ған қыз­мет тү­рін жү­зе­ге асы­руы;
2) өті­ніш бе­ру­ші­нің Заң­ның 15-18, 15-19-бап­та­рын­да және нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
3) өті­ніш бе­ру­ші­ге қа­ты­сты өті­ніш бе­ру­ші­ге опе­ра­тор қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру­ға тый­ым са­ла­тын заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі бо­ла­тын бол­са;
4) уәкі­лет­ті ор­ган­ның ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар бой­ын­ша ес­кер­ту­лер­ді бел­гі­лен­ген мер­зім­де жой­мауы.

Көру саны:13

Толық аты

Банк­тік және мик­ро­қар­жы ак­тив­те­рі са­ты­ла­тын элек­трон­дық са­уда ала­ңы­ның опе­ра­то­ры қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру құқы­ғы­на рұқ­сат бе­ру

Қызмет алушылар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

70 жұ­мыс кү­ні ішін­де

Осы мерзім «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-2-бабында көзделген жағдайларда тоқтатыла тұрады

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Қызмет көрсету орны

  • Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі