Аквашаруашылық саласында су беру бойынша қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Қызметті қалай алуға болады:

  1. Өтініш.

  2. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, көрсетілетін қызметті алушылар мен су пайдаланушылардың АӨК СМАЖ -да дербес шоттың болуы туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыларда тиісті алаңның жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығындағы жер учаскелерінің болуы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші электрондық үкіметтің «шлюзі» арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

  3. Аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен келісілген аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздеменің электрондық көшірмесі.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Қызмет нәтижесі

Субсидия беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

Көру саны:12

Толық аты

Аквашаруашылық саласында су беру бойынша қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

7 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары