Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.

3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.

4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру;
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) объектіде орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
2) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау.

Көру саны:228

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру

Қызмет алушылар

Жеке және заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Қызмет көрсету уақыты

15 жұмыс күні.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы