Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын қайтару

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға ұсыну үшін қажетті құжаттар:

  1. Төлеуші қайтаруға өтініш берген кезде пайдасына аударымдар және (немесе) жарналар жүргізілген жеке тұлғадан сомаларды қайтаруға өтініш берген кезде келісім беру туралы өтініш.

Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі

Сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз, демалыс және мереке күндерінен басқа, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес.
Мемлекеттік қызмет тұратын мекенжайы бойынша электрондық кезек тәртібінде көрсетіледі, жеделдетілген қызмет көрсетусіз, портал арқылы электрондық кезекті броньға қою мүмкін.

Қызмет нәтижесі

Қор оларды кейіннен төлеушіге аудару үшін Мемлекеттік корпорацияның банк шотына ақша аударуы немесе аударымдар және (немесе) жарналар және (немесе) өсімпұлдар сомаларын төлеушіге қайтарудан дәлелді бас тартуы.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) енгізілген деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған;
4) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

Көру саны:576

Толық аты

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын қайтару

Қызмет алушылар

Жеке және заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

15 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • КеАҚ "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры"