Кедендік одақ шеңберінде геологиялық сынамаларды уақытша әкетуге рұқсат беру
Қызметті қалай алуға болады
Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:
- Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
- Сыртқы сауда шартының (келісімшартының), оған қосымша және (немесе) толықтырудың (бір жолғы лицензия үшін) электрондық көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниетін растайтын басқа құжаттың көшірмесі;
- "Тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініштердің нысандарын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 67 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11074 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметкеқойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестіктірастайтын құжаттар тізбесіне сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттардың электрондық көшірмесі;
- "Жер қойнауы және жер қойнауын падалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 75-бабы 4-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушы рұқсат алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтінішпен жүгінеді, онда шығарылатын сынаманың көлемі мен оны зерттеулердің сипаты, зерттеу жүргізудің болжалды мерзімі, зерттеу нәтижелері туралы есепті дайындау мерзімі және зерттеу жүргізетін ұйым туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Жиі қойылатын сұрақтар
1) көрсетілетін қызметті алушы рұқсат алу үшін ұсынған құжаттарында толық емес және дұрыс емес мәліметтердің болуы;
2) осы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағы 3) тармақшасының көзделген талаптардың сақталмауы;
3) лицензияны беруге негіз болатын бір немесе бірнеше құжаттардың қолданысын тоқтату немесе тоқтата тұру;
4) іске асыру үшін рұқса сұратылатын шартты (келісімшартты) орындау салдары болуы мүмкін мүше мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерінің бұзылуы;
5) квотаның, сондай-ақ тарифтік квотаның таусылуы не олардың болмауы (квоталық тауарларға лицензия ресімдеген жағдайда);
6) Кодекстің 75-бабы 4-тармағы 1), 2), 3), 4) тармақшаларының негізінде.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:68
