gov.kz
Меню

ҚР ҚМ әскери оқу орнына оқуға түсу үшін кандидатқа қабылдау

Как получить услугу
Онлайн
Жеке тұлғалар

Портал арқылы сіз қызметті бірнеше тәсілмен ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.

Бір реттік пароль арқылы:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4. Өтінімді толтырыңыз және оған бір реттік СМС-пароль арқылы қол қойыңыз (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу болу керек).

Услугодатель
Жеке тұлғалар

Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:

1. Еркін нысанда жазылған оқуға түсетін адамның тегі, аты мен әкесінің аты (болса), туған күні, тұрғылықты мекенжайы, ата-анасының немесе заңды өкілдерінің байланыс деректері көрсетілген қабылдау туралы өтініш немесе баянат.
2. Көрсетілетін қызметті алушы жеке басын растайтын құжат, оқуға түсуші он алты жасқа толмаса, туу туралы куәлік көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа) беріледі.
3. Әскери билет көшірмесі (тек әскери қызметшілер, оның ішінде запастағы, түпнұсқа).
4. Білімі туралы құжаттар, ал негізгі орта білім базасындағы Әскери колледж үшін негізгі орта білімі туралы куәлік (түпнұсқа және көшірме).
5. ҰБТ сертификаты (Әскери колледжге оқуға түсетін және конкурстық іріктеуден өткен мерзімді әскери қызмет өткерген адамдарды қоспағанда), ҰБТ-ның 5 пәні бойынша нәтиже – кемінде 50 балл (оның ішінде бір бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл және қалған әрбір пән бойынша – кемінде 3 балл).
6. Әскери оқу орнына оқуға түсетін азаматтың 075/у-нысаны және әскери оқу орнына келгенге дейін күнтізбелік 30 күннен ерте емес жүргізілген медициналық зерттеу нәтижесі (жалпы қан талдауы, мерезге микропреципитация реакциясы (микрореакция), жалпы зәр талдауы; мұрынның қосалқы қуысының рентгенографиясы, он екі бөліктегі электрокардиография тыныштықта (жүктемеден кейін – көрсеткіш бойынша), кеуде қуысы органын флюорографиялық (рентгенологиялық) зерттеу медициналық куәландыру күніне 3 айдан кеш емес жүргізіледі, бруцеллезге қан талдауы (мал шаруашылығында жұмыс істейтін және (немесе) жеке шаруашылықта малы бар), амбулаториялық пациенттің медициналық картасы, профилактикалық екпе картасы.

Авиациялық персоналды даярлайтын әскери оқу орнының ұшу мамандығына оқуға түсетін кандидаттар медициналық куәландыру басталғанға дейін күнтізбелік 30 күннен ерте емес жүргізілген медициналық зерттеу нәтижесін қосымша ұсынады:

  • физикалық жүктемеден кейінгі 12 бөліктегі электрокардиография;
  • қалқанша безінің, жүрегінің, несеп-жыныс жүйесінің ультрадыбыстық зерттеуі;
  • қандағы қант деңгейін және В және С гепатитінің маркерін зерттеу;
  • дыбыстық аудиометрия;
  • электроэнцефалография.

7. Соттылығының болмауы туралы анықтама, ал негізгі орта білім беру базасындағы Әскери колледж үшін кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлімшеден ішкі істер органында есепте тұрмауы туралы қосымша анықтама.
8. Спорттық разрядты, республикалық не халықаралық жарыста, ағымдағы жылы орындаушылар байқауында, ағымдағы жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадада, сондай-ақ Президенттік не республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадада (конкурстық іріктеуден өткен мерзімді әскери қызмет өткерген адамдарды қоспағанда) қол жеткізген жүлделі орынды растайтын құжат (болса).
9. Өлшемі 3х4 фотосурет – 4 дана.
10. Ата-ана құқығының шектелуіне немесе одан айырылуына, ата-анасы хабарсыз кеткен деп танылуына, олар қайтыс болған деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына байланысты жалғыз ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен балалар, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған басқа да жағдайда ата-анасының қамқорлығынсыз қалу фактісін растайтын мынадай құжаттардың біреуінің көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа) қосымша ұсынады (конкурстық іріктеуден өткен әскери қызмет өткерген адамдарды қоспағанда):

  • ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік;
  • ата-анасының ата-ана құқығын шектеу немесе одан айыру туралы сот шешімі;
  • ата-анасы хабарсыз кеткен деп тану, оларды қайтыс болған деп тану немесе әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану туралы сот шешімі.

11. Әскери қызмет міндеттерін орындау кезiнде қаза тапқан немесе мүгедек болған, қызмет өткеру уақытында хабарсыз кеткен әскери қызметшiлердiң балалары тұрғылықты жерi бойынша жергiлiктi әскери басқару органынан анықтама (конкурстық iрiктеуден өткен әскери қызмет өткерген адамдарды қоспағанда) ұсынады.
12. Арнайы тексеруден өткені туралы анықтама (негізгі орта білім базасындағы Әскери колледжге оқуға түсетін адамдарды қоспағанда).
13. Мерзімді әскери қызмет өткерген адамдар қабылдау комиссиясына қосымша:

  • әскерде конкурстық іріктеуден өткені туралы сертификат береді.
Результат оказания услуги

Көрсетілетін қызметті алушыны ҚР ҚМ әскери оқу орнына оқуға түсуге кандидат ретінде қабылдау туралы хабардар ету не осы Тізбенің 9-бөлімінде көзделген жағдайда және негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

Часто задаваемые вопросы
Сізге қызмет көрсетуден бас тартылса не істеу қажет?

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау.
2. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге берілетін келісімінің болмауы.
3. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы бұйрықта белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
4. Уәкілетті мемлекеттік органның арнайы тексеруден өткені туралы сұрау салуға теріс жауабы.
5. Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.
6. Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша.

Әкімшілік рәсімді қозғау үшін негіздер
  • өтініш;
  • әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.

Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады

Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:

  • жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
  • өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
  • өтініштің мәні;
  • өтініштің берілген күні;
  • өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.

! Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

  1. Өтініш кодекстің 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам өтініш берушіге өтініштің қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді, оны талаптарға сәйкес келтіру үшін орынды мерзім белгілейді.
  2. Өтініш беруші әкімшілік іс бойынша шешім қабылданғанға дейін өзінің жазбаша өтініші негізінде өтінішті кері қайтарып ала алады.

Өтінішті уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберу

Осы өтінішті қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен өтініш келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыны бір мезгілде хабардар ете отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберіледі.

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.

! Заңдарда өтініштерді қараудың өзге мерзімдері белгіленуі мүмкін (Мысалы, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңға сәйкес жазбаша сұрау салуға жауап ақпарат иесіне келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде беріледі).

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі әкімшілік орган басшысының дәлелді шешімімен 2 айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы Әкімшілік рәсімге қатысушыға мерзім ұзартылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабарланады.

Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдануға құқылы.

Егер әкімшілік орган, лауазымды адам мерзімінде әкімшілік актіні қабылдамаса, әкімшілік әрекетті жасамаса, онда мерзімдер өткен күннен бастап әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік актіні қабылдаудан, әкімшілік әрекетті жасаудан бас тартты деп есептеледі.

Шағым әкімшілік органға, әкімшілік актісі, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

Сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағымдану қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік орган, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) дауланатын лауазымды адам, әкімшілік акті сотқа кері қайтарып алумен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамның уәжді ұстанымын ұсынады.

! ӘРПК шағымдану тәртібін әрдайым реттей бермейді, салалық заңдарда шешімге сотқа дейінгі шағымсыз дереу сот тәртібімен шағымдануды көрсететін нормалар болуы мүмкін.

  1. Әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым әкімшілік органға, лауазымды адамға әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актінің қабылданғаны немесе әкімшілік әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 айдан кешіктірілмей беріледі.
  2. Дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, әкімшілік рәсімге қатысушының өтінішхаты бойынша мерзімді шағымды қарайтын орган қалпына келтіре алады.
  3. Шағымдану үшін өткізіп алған мерзім шағымды қарайтын органның шағымды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың ерекше тәртібі мен мерзімдері белгіленуі мүмкін.

Шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 5 жұмыс күнін құрайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың өзге мерзімі белгіленуі мүмкін.

 

 

Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы

Заказать онлайн
Полное название
ҚР ҚМ әскери оқу орнына оқуға түсу үшін кандидатқа қабылдау
Получатели услуги
Жеке тұлғалар
Жеке тұлғалар
Стоимость услуги

Тегін

Срок оказания услуги

Күнтізбелік 200 күннен аспайды (1 қаңтар – 20 шілде)

Услугу оказывает
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Место предоставления услуги
«Цифрлық үкімет» порталы
ҚР ҚМ әскери оқу орнына оқуға түсу үшін кандидатқа қабылдау

Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі

Социальные медиа
Telegram
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы