Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесіне енгізу

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:

  1. 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш.
  2. Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау актісі.
  3. Бекітілген жобалау-сметалық құжаттама және технологиялық регламент (лицензиялық технологияларды және тұтынылатын сұйытылған мұнай газының, шығарылатын мұнай-газ-химия өнімдерінің (атауларын көрсете отырып) және жобалау құжаттамасына сәйкес (сағатына тонна, жылына тонна) мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру процесінде химиялық өзгеріске түспеген сұйытылған мұнай газының көлемдері.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін белгіленген жұмыс графигіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Жиі қойылатын сұрақтар

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 19-1-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылады;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
Сонымен қатар көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 19-1-бабының 5-тармағына сәйкес көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

Көру саны:70

Толық аты

Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесіне енгізу

Қызмет алушылар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

15 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • ҚР Энергетика министрлігі