
Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:
Жеке басты куәландыратын, жеке тұлға-Қазақстан Республикасы резидентінің жойылмаған немесе алынбаған соттылығының жоқ екенін растайтын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді қызмет көрсетуші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсатты және Басқарма қаулысының көшірмелерін қоса бере отырып Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты.
1. Банк атауының Банктер туралы заңның 15-бабының талаптарына сәйкес келмеуі.
2. Көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жағдайының тұрақсыздығы.
Қаржылық жағдайдың тұрақсыздығы деп Банктер туралы заңның 17-1-бабы 10-тармағында белгіленген белгілердің болуы түсініледі;
3. Құрылтайшы-жеке тұлғаның не құрылтайшы-заңды тұлғаның атқарушы органы не басқару органы бірінші басшысының:
Көрсетілген талап уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын таратуға және (немесе) олардың қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады. Осы тармақшаның мақсаттары үшін қаржы ұйымы деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы да, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы да, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы да түсініледі.
4. Банктер туралы заңның 17-бабында белгіленген талаптардың сақталмауы.
5. Банктер туралы заңның 17-1-бабына сәйкес қызмет көрсетушінің банктің ірі қатысушысы, банк холдингі мәртебесін иемденуге келісім беруден бас тартуы.
6. Банктер туралы заңның 11-1-бабына сәйкес банк холдингінің еншілес ұйымын құруға (сатып алуға) рұқсат беруден бас тарту.
7. Банктің бизнес-жоспары және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өзге де:
8. Қызмет көрсетушінің ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймау.
9. Көрсетілетін қызметті алушыны банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының Микроқаржылық қызмет туралы заңның 25-3-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі.
10. Көрсетілетін қызметті алушыны банкке айналдыру салдарларының қаржылық болжамы көрсетілетін қызметті алушыны банкке айналдыру және (немесе) құрамына банк және (немесе) банк холдингі кіретін банк конгломератының пруденциалдық нормативтерді сақтамауы салдарынан банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауын болжайды.
11. Көрсетілетін қызметті алушының белгіленген пруденциалдық нормативтерді және (немесе) микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде басқа да сақталуға міндетті нормативтер мен лимиттерді сақтамауы.
12. Өтініш берілген күні және құжаттарды қарау кезеңінде көрсетілетін қызметті алушыда Микроқаржылық қызмет туралы заңның 28-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген қолданыстағы шектеулі ықпал ету шарасының және (немесе) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 211-бабының бірінші, 3-1, төртінші бөліктерінде және 227-бабының үшінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалардың болуы.
13. Микроқаржылық қызмет туралы заңның 25-1-бабының, Банктер туралы заңның 18 және 21-баптарының талаптарын сақтамау.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК
Тегін
Қызмет көрсетушіге құжаттар топтамасын өткізген күннен бастап 65 жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі ақылға қонымды мерзімге, бірақ осы Қағидалардың 11-тармағында белгіленген негіздемелер бойынша 2 айдан аспайтын уақытқа ұзартылуы мүмкін.