gov.kz
Меню

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану

Как получить услугу
Онлайн
Жеке тұлғалар

Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3.  Сұранымның ашық жолдарын толтыру

4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.

5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Азаматтарға арналған үкімет
Жеке тұлғалар

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға ұсыну үшін қажетті құжаттар:

Білім туралы құжатты тану туралы куәлікті алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

  1. Нотариат куәландырған сенімхат негізінде иеленушінің немесе уәкілетті өкілдің цифрлық құжаттар сервисі (жеке басын сәйкестендіру үшін) арқылы жеке басын куәландыратын және (немесе) электрондық құжат нысанындағы құжат.
  2. Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш.
  3. Білімі туралы заңдастырылған немесе апостильденген құжаттың және оған қосымшаның мөрдің аудармасын қоса алғанда, нотариат куәландырған аудармасымен (егер құжат толығымен шет тілінде болса) электрондық көшірмесі.
    Заңдастырудың күшін жоюды және (немесе) білім туралы құжаттарға апостиль қоюды көздейтін құқықтық көмек туралы халықаралық шартқа (Келісімге) қатысушы елде білім туралы құжатты беру кезінде білім туралы құжаттың және оған қосымшаның электрондық нотариалды куәландырылған көшірмесі және мөрдің, мөртаңбаның аудармасын қоса алғанда, нотариат куәландырған аударма (егер құжат толығымен шет тілінде болса) ұсынылады.
    Осы тармақта көрсетілген құжаттардың қазақ немесе орыс тілдеріне аударылуын куәландыруды Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары жүзеге асырады.
    Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы білімі туралы құжаттың және оған қосымшаның электрондық көшірмесін, олардың нотариат куәландырған аудармаларымен бірге (егер құжат толығымен шет тілінде болса) мөрді, мөртабанды аударуды қоса алғанда ұсынады.
  4. Қазақстан Республикасының бейрезиденттер үшін – білімі туралы құжат иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі (қазақ немесе орыс тіліне аудармасы бар).
  5. Төлем туралы мәліметтер (сұрау салуға жауап болмаған кезде қайта жүгінген кезде талап етілмейді).
  6. Егер білімі туралы құжаттың иесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жолдамасы бойынша оқудан өткен болса, бұйрықтың көшірмесі не тиісті ЖЖОКБҰ-ға жіберу туралы бұйрықтан үзінді көшірме қоса берілсін.

Ғылыми дәрежелер, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелері туралы дипломдарды тану туралы куәлік алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

Егер көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 21-тармағының 1), 2), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар санатына жатса, ғылыми дәреже құжатын тану туралы куәлікті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге нысан бойынша өтініш жібереді Қағидаларға 1-қосымшаға мынадай құжаттарды қоса бере отырып:

  1. Нотариат куәландырған сенімхат негізінде иеленушінің немесе уәкілетті өкілдің цифрлық құжаттар сервисі (жеке басын сәйкестендіру үшін) арқылы жеке басын куәландыратын және (немесе) электрондық құжат нысанындағы құжат.
  2. Қорғау елінде диссертацияны қорғау фактісін растайтын дәреже беру туралы апостиль қойылған не заңдастырылған дипломның нотариат куәландырған электрондық көшірмесі/көшірмесі және дәреже беру туралы дипломның қазақ немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса).
  3. Дәреже беру туралы құжатқа қосымшаның нотариалды куәландырылған электрондық көшірмесі/көшірмесі (транскрипт) немесе өткен оқу пәндері мен практикаларының көлемі туралы мәліметтер және/немесе кандидаттық емтихандарды тапсыру туралы куәліктің көшірмесі (бар болса) және дәреже беру туралы құжатқа қосымшаның нотариалды куәландырылған аудармасы (транскрипт) немесе өткен оқу пәндерінің көлемі туралы мәліметтер және және/немесе кандидаттық емтихандарды тапсыру туралы куәліктің көшірмелері (бар болса) қазақ немесе орыс тілдерінде (егер құжат толығымен шет тілінде болса).

Егер көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 21-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдар санатына жататын болса, онда ғылыми дәреже тану туралы куәлікті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге нысан бойынша мынадай құжаттарды қоса бере отырып өтініш жібереді:

  1. Нотариат куәландырған сенімхат негізінде иеленушінің немесе уәкілетті өкілдің цифрлық құжаттар сервисі (жеке басын сәйкестендіру үшін) арқылы жеке басын куәландыратын және (немесе) электрондық құжат нысанындағы құжат.
  2. Қорғау елінде диссертацияны қорғау фактісін растайтын дәреже беру туралы апостиль қойылған не заңдастырылған дипломның нотариат куәландырған электрондық көшірмесі/көшірмесі және дәреже беру туралы дипломның қазақ немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса).
  3. Дәреже беру туралы құжатқа қосымшаның нотариалды куәландырылған электрондық көшірмесі/көшірмесі (транскрипт) немесе өткен оқу пәндері мен практикаларының көлемі туралы мәліметтер және/немесе кандидаттық емтихандарды тапсыру туралы куәліктің көшірмесі (бар болса) және дәреже беру туралы құжатқа қосымшаның нотариалды куәландырылған аудармасы (транскрипт) немесе өткен оқу пәндерінің көлемі туралы мәліметтер және практик және/немесе кандидаттық емтихандарды тапсыру туралы куәліктің көшірмелері (бар болған жағдайда) қазақ немесе орыс тілдерінде (егер құжат толығымен шет тілінде болса).
  4. Шетелдік азаматтың ЖЖОКБҰ шақыруын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі/қағаз түрінде.
  5. Жұмыс орны бойынша куәландырылған Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек қызметін растайтын электрондық көшірме/көшірме.

Егер көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 21-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адамдар санатына жататын болса, онда ғылыми дәреже құжатын тану туралы куәлікті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды қоса бере отырып өтініш жібереді:

  1. Нотариат куәландырған сенімхат негізінде иеленушінің немесе уәкілетті өкілдің цифрлық құжаттар сервисі (жеке басын сәйкестендіру үшін) арқылы жеке басын куәландыратын және (немесе) электрондық құжат нысанындағы құжат.
  2. Қорғау елінде диссертацияны қорғау фактісін растайтын дәреже беру туралы апостиль қойылған немесе заңдастырылған дипломның нотариат куәландырған электрондық көшірмесі/көшірмесі және дәреже беру туралы дипломның қазақ немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса).
  3. Дәреже беру туралы құжатқа қосымшаның нотариалды куәландырылған электрондық көшірмесі/көшірмесі (транскрипт) немесе өткен оқу пәндері мен практикаларының көлемі туралы мәліметтер және / немесе кандидаттық емтихандарды тапсыру туралы куәліктің көшірмесі (бар болса) және дәреже беру туралы құжатқа қосымшаның нотариалды куәландырылған аудармасы (транскрипт) немесе өткен оқу пәндерінің көлемі туралы мәліметтер және практик және/немесе кандидаттық емтихандарды тапсыру туралы куәліктің көшірмелері (бар болса) қазақ немесе орыс тілдерінде (егер құжат толығымен шет тілінде болса).
  4. Электрондық көшірмесі/қағаз түрінде ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды даярлау бағдарламалары бойынша оқуға жіберу еркін нысандағы құжатпен расталады.

Егер көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген адамдар санатына жатпаса, онда ғылыми дәреже құжатын тану туралы куәлікті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге нысан бойынша мынадай құжаттарды қоса бере отырып өтініш жібереді:

  1. Нотариат куәландырған сенімхат негізінде иеленушінің немесе уәкілетті өкілдің цифрлық құжаттар сервисі (жеке басын сәйкестендіру үшін) арқылы жеке басын куәландыратын және (немесе) электрондық құжат нысанындағы құжат.
  2. Қорғау елінде диссертацияны қорғау фактісін растайтын дәреже беру туралы апостиль қойылған немесе заңдастырылған дипломның нотариат куәландырған электрондық көшірмесі/көшірмесі және дәреже беру туралы дипломның қазақ немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса).
  3. Дәреже беру туралы құжатқа қосымшаның нотариалды куәландырылған электрондық көшірмесі/көшірмесі (транскрипт) немесе өткен оқу пәндері мен практикаларының көлемі туралы мәліметтер және / немесе кандидаттық емтихандарды тапсыру туралы куәліктің көшірмесі (бар болса) және дәреже беру туралы құжатқа қосымшаның нотариалды куәландырылған аудармасы (транскрипт) немесе өткен оқу пәндерінің көлемі туралы мәліметтер және практик және/немесе кандидаттық емтихандарды тапсыру туралы куәліктің көшірмелері (бар болса) қазақ немесе орыс тілдерінде (егер құжат толығымен шет тілінде болса).
  4. Диссертация электронды түрде (CD-диск). Шет тіліндегі диссертацияға авторефераттың немесе кеңейтілген аннотацияның (кемінде 40 (қырық) мың баспа белгісі) қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы қоса беріледі. Аннотацияда нәтижелер, зерттеудің мақсаттары, міндеттері, таңдалған тақырыптың өзектілігі, негізгі ғылыми ережелер, қорытындылар мен ұсыныстар көрсетіледі.
  5. Электрондық көшірмесі/қағаз түрінде "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ҰМҒТСО) анықтамасы (еркін нысанда) және диссертацияны плагиатқа тексеру бойынша диссертация қорғалған елдің уәкілетті органының немесе ЖЖОКБҰ-ның (еркін нысанда, бар болса) анықтамасы.
  6. Электрондық көшірмесі/көшірмесі жарияланымдар тізімі және көшірмелері.

Білім туралы құжатты тану туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

  1. Нотариат куәландырған сенімхат негізінде иеленушінің немесе уәкілетті өкілдің цифрлық құжаттар сервисі (жеке басын сәйкестендіру үшін) арқылы жеке басын куәландыратын және (немесе) электрондық құжат нысанындағы құжат.
  2. Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша телнұсқа беру туралы өтініш.
  3. Егер тану туралы куәліктің иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болса) өзгерткен болса, тегін, атын немесе әкесінің атын өзгерту жазбасы актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы актілік жазба (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен).
  4. Тану туралы куәліктің түпнұсқасы (егер бар болса).
  5. Қазақстан Республикасының бейрезиденттер үшін-білімі туралы құжат иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі (қазақ немесе орыс тіліне аудармасы бар).
  6. Төлем туралы мәліметтер ұсынылады.
Результат оказания услуги

–Қағидаларға 4, 5 және (немесе) 6-қосымшаларға сәйкес білім туралы құжатты электрондық нысанда тану туралы куәлік;

- Қағидаларға 4, 5 және (немесе) 6-қосымшаларға сәйкес электрондық нысанда білім туралы құжаттарды тану туралы куәліктің телнұсқасы;

- осы Тізбенің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қағаз жеткізгіште жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе осыған уәкілеттік берілген адамның мөрімен және қолымен куәландырылады.

Часто задаваемые вопросы
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін қандай негіздер болуы мүмкін?
  1. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
  3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартуы.
  4. Білім туралы құжатты беру фактісін растау туралы сұрау салуға теріс жауап немесе білім туралы құжатты берген білім беру ұйымында тиісті білім беру қызметін жүзеге асыру құқығының болмауы.
  5. Қазақстан Республикасы Халықаралық құқық субъектісі ретінде танымайтын елдердің білімі туралы құжаттарды не шетелдік білім беру ұйымын беру елінің білім беру саласындағы уәкілетті органы мойындамаса.
  6. Сараптама кеңесінің теріс қорытындысы.
  7. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдік білім беру бағдарламасының білім беру деңгейлерінің және (немесе) даярлау бағыттарының (мамандықтардың, кәсіптердің) ешқайсысына сәйкес келмеуі.
  8. Білім туралы құжатты беру фактісін және білім туралы құжатты берген білім беру ұйымында тиісті білім беру қызметін жүзеге асыру құқығын растау туралы сұрау салуға жауаптың болмауы.
Әкімшілік рәсімді қозғау үшін негіздер
  • өтініш;
  • әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.

Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады

Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:

  • жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
  • өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
  • өтініштің мәні;
  • өтініштің берілген күні;
  • өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.

! Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

  1. Өтініш кодекстің 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам өтініш берушіге өтініштің қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді, оны талаптарға сәйкес келтіру үшін орынды мерзім белгілейді.
  2. Өтініш беруші әкімшілік іс бойынша шешім қабылданғанға дейін өзінің жазбаша өтініші негізінде өтінішті кері қайтарып ала алады.

Өтінішті уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберу

Осы өтінішті қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен өтініш келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыны бір мезгілде хабардар ете отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберіледі.

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.

! Заңдарда өтініштерді қараудың өзге мерзімдері белгіленуі мүмкін (Мысалы, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңға сәйкес жазбаша сұрау салуға жауап ақпарат иесіне келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде беріледі).

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі әкімшілік орган басшысының дәлелді шешімімен 2 айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы Әкімшілік рәсімге қатысушыға мерзім ұзартылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабарланады.

Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдануға құқылы.

Егер әкімшілік орган, лауазымды адам мерзімінде әкімшілік актіні қабылдамаса, әкімшілік әрекетті жасамаса, онда мерзімдер өткен күннен бастап әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік актіні қабылдаудан, әкімшілік әрекетті жасаудан бас тартты деп есептеледі.

Шағым әкімшілік органға, әкімшілік актісі, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

Сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағымдану қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік орган, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) дауланатын лауазымды адам, әкімшілік акті сотқа кері қайтарып алумен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамның уәжді ұстанымын ұсынады.

! ӘРПК шағымдану тәртібін әрдайым реттей бермейді, салалық заңдарда шешімге сотқа дейінгі шағымсыз дереу сот тәртібімен шағымдануды көрсететін нормалар болуы мүмкін.

  1. Әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым әкімшілік органға, лауазымды адамға әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актінің қабылданғаны немесе әкімшілік әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 айдан кешіктірілмей беріледі.
  2. Дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, әкімшілік рәсімге қатысушының өтінішхаты бойынша мерзімді шағымды қарайтын орган қалпына келтіре алады.
  3. Шағымдану үшін өткізіп алған мерзім шағымды қарайтын органның шағымды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың ерекше тәртібі мен мерзімдері белгіленуі мүмкін.

Шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 5 жұмыс күнін құрайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың өзге мерзімі белгіленуі мүмкін.

 

 

Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы

Заказать онлайн
Полное название
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану
Получатели услуги
Жеке тұлғалар
Жеке тұлғалар
Стоимость услуги

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану– 10 АЕК

Шетелде диссертация қорғаған адамдардың құжаттарын тану – 10 АЕК

Білім туралы құжаттарды мойындау туралы куәліктің көшірмесін жасау/қалпына келтіру – 3 АЕК

Срок оказания услуги

Білім туралы заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттарды тану туралы өтінішті қарау мерзімі:

-портал арқылы жүгінген кезде - 15 жұмыс күні.

- Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгінген кезде - 25 жұмыс күні.

Білім туралы заңдастырылмаған және жарияланбаған құжаттарды тану туралы өтінішті қарау мерзімі:

- портал арқылы жүгінген кезде - 35 жұмыс күні.

- Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгінген кезде - 45 жұмыс күні.

Білім туралы құжаттарды тану қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 24-тармағында көрсетілген ғылыми дәрежелері туралы заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттарды тану туралы өтінішті қарау мерзімі:

- портал арқылы жүгінген кезде - 10 жұмыс күні.

- Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгінген кезде - 15 жұмыс күні

Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген ғылыми дәрежелері туралы заңдастырылмаған немесе апостиль қойылмаған құжаттарды тану туралы өтінішті қарау мерзімі:

- портал арқылы жүгінген кезде-35 жұмыс күні.

- Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгінген кезде - 40 жұмыс күні.

Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ғылыми дәрежелері туралы заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттарды тану туралы өтінішті қарау мерзімі:

- портал арқылы жүгінген кезде-60 жұмыс күні.

- Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгінген кезде - 65 жұмыс күні.

Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген ғылыми дәрежелері туралы заңдастырылмаған немесе апостиль қойылмаған құжаттарды тану туралы өтінішті қарау мерзімі:

- портал арқылы жүгінген кезде - 77 жұмыс күні.

- Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгінген кезде - 82 жұмыс күні.

Телнұсқа беру туралы өтінішті қарау мерзімі:

Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгінген кезде - 15 жұмыс күні.

Портал арқылы жүгінген кезде - 7 жұмыс күні.

Услугу оказывает
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Место предоставления услуги
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
«Цифрлық үкімет» порталы

Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі

Социальные медиа
Telegram
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы