Соттан тыс банкроттық рәсімі қолданылған азаматтардың тізімі
Соттан тыс банкроттық рәсімі аяқталған азаматтардың тізімі
Соттан тыс банкроттық рәсімі тоқтатылған азаматтардың тізімі
Сот банкроттығы рәсімі қолданылған азаматтардың тізімі
Сот банкроттығы рәсімі тоқтатылған азаматтардың тізімі
Сот банкроттығы рәсімі аяқталған азаматтардың тізімі
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі қолданылған азаматтардың тізімі
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі тоқтатылған азаматтардың тізімі
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі аяқталған азаматтардың тізімі
Портал арқылы сіз қызметті бірнеше тәсілмен ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.
2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
3. Сұранымның ашық жолдарын толтыру.
4. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.
5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Бір реттік пароль арқылы:
1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.
2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
3. Сұранымның ашық жолдарын толтыру.
4. Өтінімді толтырыңыз және оған бір реттік СМС-пароль арқылы қол қойыңыз (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу болу керек).
5. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану қызметін қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз
Соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату туралы өтінішті қалай беруге болатыны туралы бейнероликті қараңыз
Соттан тыс банкроттыққа қалай өтініш беруге болады?
1 Қадам. Өтініш беру үшін ҚР азаматтарына id.mkb.kz сайтынан мерзімі өткен күндердің ең аз санын көрсете отырып, ағымдағы міндеттемелердің сомасын қамтитын дербес есеп (ҚР азаматтарының банкроттығы).
Бұл есеп тегін, электрондық құрылғылардан, соның ішінде мобильді құрылғылардан қол жетімді.
2 Қадам. Жеке немесе ортақ меншікте мүліктің бар екенін білу үшін, ол үшін анықтамаға тапсырыс беру қажет.
3 Қадам. Кредитормен (екінші деңгейлі банк немесе микроқаржы ұйымы) қарызды өтеу туралы құжатты қоса беру қажет.
Есеп айырысу құжаты:
Білу маңызды.
Егер Сіз атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) соңғы 6 ай алған болсаңыз, онда төлемді кешіктірудің 12 айы өтпесе де, соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану жүзеге асырылады.
Егер сізде 5 жыл бойы өтелмеген несиелер болса, қарыз сомасына, мүліктің болуына қарамастан, сіз соттан тыс банкроттық туралы арыз бере аласыз. Бұл ретте Банктің немесе микроқаржы ұйымының берешекті өтеуден бас тарту туралы жауабы талап етілмейді.
4 Қадам. Телефон нөмірі мен жұбайының мобильді азаматтар базасында тіркелгеніне көз жеткізіңіз. Келмеген жағдайда my.egov.kz сайтында тіркеліңіз.
5 Қадам. Соттан тыс банкроттық процедураны қолдану туралы өтінішті Egov.kz немесе e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы немесе жақын жердегі ХҚКО бөлімшесі арқылы қағаз жүзінде жіберіңіз.
6 Қадам. Соттан тыс банкроттық процедураны қолдану туралы өтінішті толтыру кезінде 1414 қызметінен SMS – хабарлама арқылы дербес деректерді жинауға және өңдеуге жұбайының келісімін алу, жұбайы бас тартқан жағдайда өтінім жіберуге жатпайды.
7 Қадам. Борышкердің өтінішін қарау нәтижесін Жеке кабинетте 15 жұмыс күні ішінде алу.
Білу маңызды!
Банкрот деп тану салдары:
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға ұсыну үшін қажетті құжаттар:
Көрсетілетін қызметті берушінің порталда көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді орналастыруы не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуы.
Соттан тыс банкроттық рәсімін аяқтау туралы шешім немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.
Банкроттық рәсімді ҚР азаматтары келесі талаптарға сәйкес қолдана алады: Соттан тыс банкроттықта арыз беру үшін негіздер: 1.Борыш 1600 АЕК-тен аспауы 2.Қарыздың он екі ай бойы өтелмеуі; 3.Ортақ меншіктегі мүлікті қоса алғанда, меншік құқығында мүліктің болмауы; 4.Банкпен, микроқаржы ұйымдарымен борыштар бойынша реттеу рәсімін жүргізуі. Сонымен қатар, Заңда келесі ерекше ережелер қарастырылған: - атаулы әлеуметтік көмекті 6 ай қатарынан алушылар үшін (мұндай азаматтар бойынша 12 ай ішінде төлемінің болмауы қолданылмайды); - берешегі бес жылдан артық өтелмеген адамдар үшін (олар бойынша мүліктің бар-жоғын тексеру және берешек сомасы бойынша шектеу жүргізілмейді). Соттан тыс банкроттықты тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы борыштар бойынша қолданылады. Сот банкроттығы азаматтар кредиторлар алдындағы борыштардың барлық түрлері бойынша 1600 АЕК–тен астам болған жағдайда қолдана алады (2023 жылы-5 млн 520 мың теңге). Бұл ретте несиені өтеу бойынша мерзімі кемінде 12 ай болуы тиіс және банктерден реттеу рәсімінен өту қажет. Сондай-ақ, заңда сотта тұрақты табыс болған кезде қарыздарды төлеуге бөліп төлеу мүмкіндігін (5 жылға дейін) көздейтін төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану көзделген. Қалпына келтіру жоспары қаржы басқарушысымен бірлесіп әзірленеді және сотпен бекітіледі. Бұл рәсімнің артықшылығы-одан кейін адам "банкрот" мәртебесін алмайды, сондықтан оған банкрот үшін көзделген салдарлар қолданылмайды. Бұл ретте, банкроттықтан кейін пайда болатын салдарға назар аударамыз: Сот банкроттығы, сондай-ақ соттан тыс банкроттықты қолданатындар: - бес жыл ішінде банктерден және микроқаржы ұйымдарынан кредиттер ала алмайды (ломбардтық микрокредиттерін алудан басқа); - олар жеті жылдан кейін ғана қайта банкроттыққа рәсімін қолдана алады; - олардың қаржылық жағдайы банкроттық рәсімі қолданғаннан кейін үш жыл бойы тексеріледі. Банкроттықтың соттан тыс рәсімін қолдану үшін тиісті талаптарға сәйкес келген жағдайда азамат E-gov, E-Salyg Azamat веб-порталы және ХҚКО АЖ арқылы аумақтық мемлекеттік кірістер басқармасына жүгінуі керек. Сот арқылы банкроттықты қолдану немесе төлем қабілеттілігін қалпына келтіру үшін тиісті талаптарға сәйкес келген жағдайда азамат тұрғылықты жері бойынша аудандық сотқа жүгінуі қажет. |
Сіз соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық немесе төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану үшін белгіленген өлшемшарттарына сәйкес бола аласыз. Банкроттық рәсім қолданылған жағдайда, берешекті өндіріп алу туралы істі қарау тоқтатылуға жатады. |
Сұрағынызға рахмет! Жағдайыңыз түсінікті. Егер Заңда белгіленгендей, қарызды 12 ай бойы төлемесеңіз және осы қарыздарды реттеу бойынша банктермен жұмыс жүргізілген болса, әине банкроттыққа арыз бере аласыз. Бірақ, түсініңіз оның салдары бар. Кейін 5 жыл кредит ала алмайсыз, 3 жыл Сіздің қаржылық жағдайыңыз бақылауда болады.
Өтінішті наурыз айында бере аласыз. Әзірше осы кредиттеріңізді реттеу үшін банкке жүгінуіңіз қажет. |
Cәлеметсіз бе. Иә, мұндай міндеттемелер тоқтатылмайды, сот шешімдері орындалуға жатады. |
Жоқ, Заң 12 айдан астам берешегі бар азаматтарға ғана қарастырылған. |
Азаматтың тұрақты табысы бар екенін және сот орындаушысы берешекті өтеу есебіне соманың 50% ұстап қалуды жүргізетінін ескере отырып, берешекті ішінара өтеуі бар, яғни 12 ай ішінде өтемеу фактісі жоқ. Бұдан басқа, сот шешімі бойынша өндіріп алынатын 45,0 млрд.тенге берешек сомасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» Заңының 46-бабына сәйкес, тоқтатылуға жатпайтын қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болып табылады. |
Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы істерді соттар Заңда белгіленген ерекшеліктермен азаматтық сот ісін жүргізудің жалпы қағидалар бойынша қарайды. |
Ағымдағы жылға мемлекеттік баж салығы белгіленбеген, қазіргі уақытта Салық кодексіне өзгерістер енгізу, оның ішінде сотқа тиісті арыз берген кезде мемлекеттік баждың мөлшерін белгілеу бөлігі бойынша мәселе қаралуда. |
Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы арыздар тұрғылықты жер бойынша соттарда (азаматтық) қаралатын болады. |
Банкроттық рәсім аяқталғаннан кейін қаржылық жағдайдың мониторингі борышкердің деректері, сондай-ақ уәкілетті органдардың деректері бойынша жүзеге асады. Борышкердің мүлкі мемлекеттік тіркеуден өтіп, бар болған жағдайда кредиторларға тиісті хабарлама жіберіледі. Мәміленің жалған екенін сот анықтайды. |
Тегін
Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы туралы ақпаратты порталда орналастыру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды
Көрсетілетін қызметті берушінің соттан тыс банкроттық рәсімін жүргізу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту мерзімі борышкер туралы ақпаратты порталда орналастырған күннен бастап 6 айды құрайды