Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.

3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.

4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Лицензия және/немесе лицензияға қосымша, қайта ресімделген лицензия және / немесе оған қосымша не осы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Жиі қойылатын сұрақтар

1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес келмеуі, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту, егер:
 
  • Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты, қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалы үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
  • лицензиялық алым енгізілмеген;
  • өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
  • лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алған;
  • өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
  • сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;
  • өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда жүзеге асырылады.
2) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

Көру саны:623

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру

Қызмет алушылар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

Лицензия беру барысында (телнұсқаны беру) – төленген күнгі белгіленген 10 АЕК

Лицензияны қайта ресімдеу барысында – 1 АЕК

Қызмет көрсету уақыты

Лицензияны және/немесе оған қосымшаны беру – 30 жұмыс күнінен кешіктірмей;
Лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу – үш жұмыс күнінен кешіктірмей;
Заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару, бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу – 30 жұмыс күнінен кешіктірмей.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы