Цифрлық майнинг бойынша қызметті лицензиялау

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.

2. "Электрондық лицензиялау" порталындаавторизацияданөтіңіз немесетіркеліңіз.

3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.

4. Өтінішті толтырыпЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Лицензия, цифрлық майнинг бойынша қызметін лицензияны қайта ресімдеу немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Жиі қойылатын сұрақтар

1. Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарында қызмет түрімен айналысуға тыйым салынады.

2. Лицензиялық алым енгізілмеген.

3. Көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмесе.

4. Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметті немесе лицензиялауға жататын жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар.

5. Сот орындаушысының ұсынуы негізінде көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салынады.

6. Көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған.

7. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

8. Қазақстан Республикасы "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

Көру саны:178

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Цифрлық майнинг бойынша қызметті лицензиялау

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

1. I кіші түрге лицензия бергені үшін – меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы бар цифрлық майнердің цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруы – 2000 АЕК.

2. II кіші түр лицензиясын бергені үшін – меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде Цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы жоқ және Цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығында орналасқан Цифрлық майнингке арналған өзіне меншік құқығында тиесілі аппараттық – бағдарламалық кешенді пайдалана отырып, Цифрлық майнингті жүзеге асыратын цифрлық майнердің Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруы – 5 АЕК.

3. Лицензияны қайта ресімдегені үшін – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10%.

Қызмет көрсету уақыты

Лицензия беру кезінде – 15 жұмыс күні

Лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 2 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы