1) Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға отбасымен қайта қосылуына байланысты Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:
- Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адаммен отбасылық қатынастарды растайтын құжат.
2) Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:
- жергілікті атқарушы орган берген шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат;
- жергілікті атқарушы орган берген шетелдіктің біліктілік сәйкестігі туралы анықтама немесе рұқсат; еңбекші көшіп келушіге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы орган берген рұқсат;
- уәкілетті органда (Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі) – «ЕШЕБЖ» еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген еңбек шарты немесе жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі азаматтық-құқықтық шарт;
- Ішкі корпоративті ауыстыру бойынша немесе қызмет көрсету туралы заңды тұлғалар арасындағы шартты іске асыру шеңберінде қызметтік іссапарға жіберу туралы бұйрық;
- аккредиттеу мерзімі көрсетілген журналистің аккредиттелгенін растайтын құжат.
- Қазақстан Республикасының халықтың көші - қоны саласындағы заңнамасына және/немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес осы тармақшаның екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарында көрсетілген рұқсаттарды алу талап етілмейтін көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға ресімделеді, бірақ еңбек шартының немесе жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі азаматтық-құқықтық шарттың қолданылу мерзімінен аспауға тиіс;
- «Астана» халықаралық қаржы орталығында (бұдан әрі -АХҚО) қызметін жүзеге асыру мақсатында келудің және болудың визасыз тәртібі туралы ратификацияланған халықаралық шарттары бар елдерден Қазақстан Республикасына келген көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға ресімделеді, бірақ ол еңбек шартының немесе жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі азаматтық-құқықтық шарттың қолданылу мерзімінен аспауға тиіс;
- Келудің және болудың визасыз тәртібі туралы ратификацияланған халықаралық шарттар бар мемлекеттерден келген АХҚО инвестициялық резиденттеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат АХҚО әкімшілігінің өтінішхаты бойынша жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімге ресімделеді. Бұл ретте, инвестициялық резиденттің отбасы мүшелерінің уақытша тұруына арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі инвестициялық резиденттің уақытша тұруына арналған рұқсаттың қолданылу мерзімінен аспауға тиіс.
3) Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қазақстандық оқу орындарында білім алу үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:
- Қазақстан Республикасындағы оқу орнының қолдаухаты негізінде.
4) Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қазақстандық медициналық мекемелерде стационарлық емделуден өту үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:
- Қазақстан Республикасында орналасқан медициналық ұйым берген, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында емдеу немесе Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында емделіп жатқан шетелдік пациентке, сондай-ақ жақын туыстарына - Қазақстан Республикасының азаматтарына не Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге тұрақты күтім жасау қажеттігін растайтын құжаттар.
5) Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға миссионерлік қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:
- діни қызмет саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген куәлік.
6) Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға (бизнес-көшіп келушілерге) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) еңбек қызметіне кедергі келтіретін ауруларының жоқ екенін растайтын медициналық анықтама (028/у нысандағы медициналық анықтама);
- Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең төмен талаптарды сақтай отырып, тараптардың келісімінде айқындалған шарттарда медициналық-санитариялық алғашқы көмекті және шұғыл нысанда стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмекті жабатын медициналық сақтандыру;
- тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген азаматтығы тиесілілігі және/немесе тұрақты тұратын мемлекетте соттылығының бар-жоғын және сот шешімі негізінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салынбағанын растау.
7) Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген көшіп келушілерге уақытша тұруға рұқсат беру:
- «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына сәйкес жергілікті атқарушы органның өтінішхаты.
8) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарына жүгінген көшіп келушілерге Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты ресімдеу үшін бұрын берілген өтініш болған жағдайда.
- Шет тілінде жасалған құжаттар мемлекеттік не орыс тіліне аударылуға жатады.
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес нотариус бір тілден екінші тілге аударманың дұрыстығын куәландырады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттер билігінің қатысуымен жасалған немесе осы биліктен шығатын құжаттар мен актілер «Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығының 60-тармағына сәйкес заңдастырылған жағдайда қарауға қабылданады.».
Шетелдіктің дактилоскопиялық тіркеуінің бар-жоғы туралы, «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттардың қабылданғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйеде тексереді.