Қаржы лизингін ерікті сақтандыру

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

1. Авторизациядан өту және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту (қызметтерді алу үшін сізде bgov.kz сайтында тіркеуіңіз болуы қажет).

2. bgov.kz сайтындағы қажетті деректерді толтырыңыз және сұратымға ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойыңыз. «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ порталындағы жеке кабинетте өтінішті қарау мәртебесін қадағалаңыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ, Экспорттаушы және Кредиттік ұйым арасындағы Қарызды сақтандыру шартына қол қою.

Көру саны:58

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Қаржы лизингін ерікті сақтандыру

Қызмет алушылар

Жеке және/немесе заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын тұлғалар (өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарларын, жұмыстарын және қызметтерін экспорттаушылар)

Қызмет бағасы

Сақтандыру тарифі «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ жасалатын сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу саясатына сәйкес белгіленеді

Қызмет көрсету уақыты

Құжаттардың толық пакетін тапсырған сәттен бастап - шамамен 24 жұмыс күнінен бастап

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Цифрлық үкімет» порталы
  • «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ

Қосымша

Қаржы лизингін ерікті сақтандыру ережесі ҚР Азаматтық Кодексіне, «Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заңына, «Қаржы лизингі туралы» ҚР Заңына, «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ Жарғысына, «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ ішкі нормативтік құжаттарына, ҚР нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және қаржы лизингін ерікті сақтандыру шарттарын жасасу тәртібін айқындайды