Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру
Қызметті қалай алуға болады
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:
1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.
3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.
4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.
Порталдың жұмыс кестесі
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Жиі қойылатын сұрақтар
Лицензия беруден бас тарту үшін негіздер:
1) ұсынылған құжаттардың Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі, сондай-ақ осы құжаттарда көрсетілуге жататын дәйексіз мәліметтер мен ақпарат беру;
2) егер көрсетілетін қызметті алушы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап 6 (алты) ай ішінде микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу туралы өтінішпен жүгінбесе;
3) "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңның (бұдан әрі - Заң) 111213-баптарында және 14-бабының 5 және 6-тармақтарында, 14-1-бабының 3-тармағында белгіленген талаптардың бірін сақтамау;
4) Заңның 31-бабының 1-тармағында белгіленген мемлекеттік қайта тіркеу мерзімін сақтамау;
5) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтініш берген кезде Заңның 31-бабының 2-1-тармағында белгіленген мерзімді сақтамау;
6) егер қызмет көрсету мәні қаржылық қызметтерді көрсету болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы үшін қызметтің түрімен айналысуға Заңмен тыйым салынса;
7) лицензиялық алым енгізілмесе;
8) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
9) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың лицензиялауға жататын қызметті тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болса;
10) сот орындаушысы ұсынымының негізінде сот көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруге уақытша тыйым салса;
11) лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі белгіленсе.
Лицензияны қайта ресімдеуден бас тарту үшін негіздер:
1) Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген жағдайда;
2) біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Қазақстан Республикасының Заңдары:
- «Микроқаржылық қызмет туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының № 56-V Заңы;
- «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының № 573 Заңы (мемлекеттің қатысуымен кредиттік бюроға ақпарат беру туралы шарт жасасу туралы талапты орындау).
- «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының № 191-IV Заңы (қаржылық мониторинг жүргізу және уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жөніндегі талаптарды белгілейді);
- «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының № 234 Заңы (бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау).
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер:
- «Микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларын, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 23 қарашадағы № 108 қаулысы (микроқаржылық қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды);
- «Ломбардта заттарды сақтау, ломбардтардың үй-жайларының қауіпсіздігін және техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды, ломбардтарда заңсыз алынған заттардың айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды белгілеу мәселелерін қоса алғанда, ломбардтардың қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 226 қаулысы (ломбард үй-жайларының қауіпсіздігі мен техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды белгілейді);
- «Пруденциялық нормативтердi және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi, оларды есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 14 қарашадағы № 192 қаулысы (жарғылық капиталдың ең аз мөлшерін айқындайды);
- «Кредиттік бюролардың, ақпарат берушілердің және кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ Кредиттік бюролардың ақпарат берушілерге және кредиттік есептерді алушыларға қоятын талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 228 қаулысы.
Көру саны:2040
