
Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
1.«Онлайн тапсырыс беру» батырмасын басу.
2.«Кеден» ұлттық интеграцияланған платформа сайтына өту.
Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:
1.Толтырылған ЖТД (Жолаушыларға арналған кедендік декларация) және ЖТД толтыру негізінде берілген құжаттар.
ЖТД-те көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарға мыналар жатады:
1.Жеке басын куәландыратын құжаттар (соның ішінде кәмелетке толмаған тұлғаға қатысты);
2. Жеке тұлғада жеке пайдалану үшін алынған тауарлардың құнын растайтын құжаттар, ол тауарларға қатысты кедендік декларация жүргізіледі;
3.Қазақстан Республикасының «Кедендік реттеу туралы» Кодексінің 8-бабына сәйкес физикалық тұлғаларға қойылатын тыйымдар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар (егер мұндай құжаттарды ұсыну талап етілсе);
4.Көлік (тасымалдау) құжаттары;
5.Кедендік баждар мен салықтардан босатылу шарттарының сақталғанын растайтын құжаттар, оның ішінде шетелдік физикалық тұлғаның Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға көшкенін растайтын немесе шетелдік физикалық тұлғаның босқын немесе қандас мәртебесін алғанын растайтын құжаттар;
6.Евразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке пайдалану үшін көлік құралын әкелген кезде толтырылатын жолаушыларға арналған кеден декларациясы, және оның уақытша болуына рұқсатты растайтын құжат;
7.Қазақстан Республикасының Кедендік кодексінің 343-бабының 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес жеке пайдалану үшін кедендік декларацияланатын көлік құралы немесе оның бөлшектерін анықтауға мүмкіндік беретін құжаттар;
8.Жеке пайдалану үшін көлік құқығын, пайдалануын және (немесе) иеленуін растайтын құжаттар;
9.Қазақстан Республикасының Комиссиясымен белгіленген жағдайларда қолма-қол ақша мен ақша құралдарының шығу тегін растайтын құжаттар;
10.Қазақстан Республикасының Кедендік кодексінің 343-бабының 19 және 20 тармақтарында көрсетілген құжаттар;
11.Қазақстан Республикасының Кедендік кодексінің 343-бабының 11-тармағына сәйкес Комиссия белгілеген жағдайларда декларация беруші атынан әрекет ететін тұлғаның өкілеттігін растайтын сенімхат немесе басқа құжат.
ЖТД тіркеледі немесе ЖТД тіркеуден дәлелді бас тарту туралы жауап беріледі.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы
Тегін
ЖКД тіркелген сәттен бастап 4 жұмыс сағаты ішінде