Көмірсутектер өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қосымша келісімдер жасасу (қол қою)
Қызметті қалай алуға болады
Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:
ЭЦҚ көмегімен:
1. БМБЖ жүйесінде авторизациядан өту.
2. Өтінімді толтыру және өтінімге ЭЦҚ -мен қол қою, қажетті құжаттардың сканкопияларын тіркеу.
3. БМБЖ-да "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" қосымша бетіндегі "өтінімдер журналы" бөлімінде нәтижемен танысады.
Порталдың жұмыс кестесі
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Жиі қойылатын сұрақтар
1) жер қойнауын пайдалану құқығы мен жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес ауысқан кезде келісімшартқа қосымша келісім үшін:
- өтініштің Кодекстің 40-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;
- егер мұндай ауысу осындай рұқсатқа сәйкес жүзеге асырылса, жер қойнауын пайдалану құқығының ауысу шарттарының берілген рұқсатқа сәйкес келмеуі;
- мұндай рұқсат Кодекске сәйкес талап етілген кезде жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуына рұқсаттың болмауы;
- егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы көрсетілетін қызметті алушыға қолданылған әкімшілік жазаға сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды немесе жекелеген жұмыс түрлерін жүргізуге тыйым салынған жер қойнауы учаскесі бойынша жүзеге асырылса;
- егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуына Кодекспен тыйым салынса;
- егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттардың ережелерін бұзуға әкеп соқса.
2) көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер өзгерген кезде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
- егер өтініш Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе.
3) өндіру учаскесін (учаскелерін) және дайындық кезеңін (дайындық кезеңдерін) бекітіп беру кезінде келісімшартқа қосымша келісім үшін):
- көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша көрсетілетін қызметті алушы жоймаған міндеттемелерді бұзушылықтарының болуы;
- егер өтініш Кодекстің 118-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
4) өндіру учаскесін (учаскелерін) және өндіру кезеңін (кезеңдерін) бекітіп беру кезінде келісімшартқа қосымша келісім үшін:
- көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша көрсетілетін қызметті алушы жоймаған міндеттемелерді бұзушылықтарының болуы;
- егер өтініш Кодекстің 119-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе.
5) барлау кезеңін (кезеңдерін) ұзарту кезінде келісімшартқа қосымша келісім үшін:
- Кодекстің 117-бабының 13-2-тармақтарында көзделген барлау кезеңін ұзарту үшін негіздердің болмауы;
- көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша көрсетілетін қызметті алушы жоймаған міндеттемелерді бұзушылықтарының болуы;
- егер барлау кезеңін ұзарту кодекстің 117-бабының 3-2-тармағына сәйкес сұралса, барлау кезеңі бұрын кодекстің 117-бабының 3-2-тармағына сәйкес ұзартылды;
- егер өтініш Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе.
6) бағалау кезеңіне ауысу кезінде күрделі жоба бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
- егер өтініш Кодекстің 116-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімнен кейін берілсе;
- Кодекстің 116-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар ұсынылмаған.
7) сынап пайдалану кезеңіне ауысу кезінде күрделі жоба бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
- егер өтініш Кодекстің 116-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімнен кейін берілсе;
- Кодекстің 116-бабының 4-тармағында көзделген құжаттар ұсынылмаса.
8) өндіру кезеңіне ауысу кезінде күрделі жоба бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
- егер өтініш Кодекстің 119-бабының 18-1-тармағында белгіленген мерзімнен кейін берілсе;
- өтініш Кодекстің 118-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда.
9) Кодекстің 116-бабының 7-тармағында және 278-бабының 40-тармағында көзделген жағдайларда күрделі жобалар бойынша барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарт талаптарына ауысуға байланысты барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
- Кодекстің 116-бабының 7-тармағында көзделген негіз бойынша келісімшартқа толықтыру жасалған жағдайда, өтініш Кодекстің 116-бабының талаптарына сәйкес келмесе;
- өтініш Кодекстің 278-бабы 40-тармағының талаптарына сәйкес келмесе немесе егер өтініш Кодекстің 278-бабының көрсетілген тармағына сәйкес берілсе, өтініш Кодекстің 278-бабы 40-тармағының жетінші бөлігіне сәйкес жіберілген құзыретті органның ескертулерін өтініш беруші жоймаса немесе өтініш беруші оны жоюдан бас тартса.
10) өндіру кезеңін ұзарту кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
- егер өтініш Кодекстің 120-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімнен кейін берілсе;
- егер кен орнын игеру жобасы өндіру мерзімін ұзарту үшін өтінімде сұралғаннан аз игеру мерзімін көздесе;
- көрсетілетін қызметті берушінің өндіру кезеңін ұзарту ниеті болмаған кезде, оның ішінде Кодекстің 119-бабының 7-тармағында көзделгендерді қоса алғанда, қосылған құны жоғары (неғұрлым жоғары қайта бөлу және қайта өңдеу) өнім өндіруді көздейтін индустриялық-инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі міндеттемені не өзге де инвестициялық міндеттемелерді қабылдау бойынша көрсетілетін қызметті алушымен келісімге қол жеткізілмеген жағдайда;
- егер өтініш Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе.
11) уран өндіру кезеңін ұзарту кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
- егер өтініш Кодекстің 173-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімнен кейін берілсе;
- егер өтініш Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
егер кен орнын игеру жобасы өтініште сұралғаннан аз мерзім ішінде кен орнын игеруді көздесе; - жер қойнауын пайдаланушы жоймаған, көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген уран өндіруге арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерді бұзушылықтар болған кезде;
- көрсетілетін қызметті берушінің уран өндіру кезеңін ұзарту ниеті болмаған кезде.
12) жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) ұлғайту кезінде келісімшартқа қосымша келісім үшін:
- Кодекстің 113-бабының 1-тармағында белгіленген шарттарды сақтамау;
егер өтініш Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе.
13) жер қойнауы учаскесін ұлғайту кезінде уран өндіруге арналған келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
- егер өтініш Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
Кодекстің 169-бабының 1-тармағында белгіленген шарттарды сақтамау.
14) жер қойнауы учаскесі азайған кезде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
- егер өтініш Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
Кодекстің 114-бабының 1-тармағында белгіленген шарттарды сақтамау.
15) жер қойнауы учаскесі азайған кезде уран өндіру жөніндегі келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
- егер өтініш Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
- Кодекстің 170-бабының 1-тармағында белгіленген шарттарды сақтамау.
16) сарқылап жатқан кен орындары бойынша инвестициялық міндеттемелерді қосуға байланысты көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
- кен орны Кодекстің 153-1-бабының 2-тармағында көзделген сарқылатын кен орындарының өлшеміне сәйкес келмейді.
17) жер қойнауы учаскесін бөлу кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін:
- Кодекстің 115-бабында белгіленген шарттар сақталмаса;
- егер өтініш Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе.
- өтініш;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.
Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады
Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініштің берілген күні;
- өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
Көру саны:344
