gov.kz
Меню

Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету

Как получить услугу
Онлайн
Жеке тұлғалар

Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:

1. Авторизациядан өту және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту (қызметтерді алу үшін сізде sez.qazindustry.gov.kz сайтында тіркеуіңіз болуы қажет).

2. sez.qazindustry.gov.kz сайтындағы қажетті деректерді толтырыңыз және сұратымға ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойыңыз. «Qazindustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ порталындағы жеке кабинетте өтінішті қарау мәртебесін қадағалаңыз.

Онлайн
Заңды тұлғалар

Қызмет беруші
Жеке тұлғалар

Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:

  1. 1-қосымшаға сәйкес өтінім.
  2. Өтелетін кезеңде жарамды тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қазақстанда жасалғандығын растайтын құжаттардың көшірмелері. "СТ-KZ" нысанды тауардың шығуы туралы сертификат, Сертификат /Еуразиялық экономикалық одағының сәйкестік туралы декларация, Индустриялық сертификат тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қазақстанда шыққандығын растайтын құжаттар болып табылады.
  3. Шығындары оларды өтеу туралы өтінімге енгізілген шартқа қосымшалармен жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді орындау туралы шарттардың көшірмелері.
  4. Төлем шоттарының (егер төлем құжаттарында көзделген болса), шот-фактуралардың және орындалған жұмыстар/көрсетілетін қызметтер актілерінің көшірмелері, сондай-ақ өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің жұмыстарға/көрсетілетін қызметтерге төлем фактін растайтын банкпен куәландырылған төлем құжаттары.

Егер Қазақстан Республикасының бейрезиденті орындаушы болғанда, орындалған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер актілерінің және/немесе шот-фактуралары және/немесе инвойс көшірмелерінің орнына қызмет көрсету және осындай заңды тұлғаны тіркеу фактісін растайтын құжаттар ұсынылады.

  1. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі жұмсаған шығындар қорытындысы бойынша есеп (жұмсалған шығындардың қажеттілігін, жұмсалған шығындарға дейін және кейін өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің қызметіне алынған жұмыстар және/немесе көрсетілетін қызметтерден болған экономикалық тиімділікті көрсету).

Шығын түріне байланысты төмендегі құжаттар қосымша ұсынылады:
1) Отандық өңделген тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және сапа менеджменті жүйелерінің техникалық регламенттерде және (немесе) "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат етілетін стандарттау бойынша құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растаған кезде жұмсалған шығындар бойынша:
тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және сапа менеджменті жүйелерінің техникалық регламенттерде және (немесе) ұйым стандарттарын немесе шарт (сертификаттар, рұқсаттар, тіркеу куәліктері, сынақ хаттамалары, көлік құралы типін мақұлдау көшірмелері, шасси типін мақұлдау және басқа да құжатар) талаптарын қоса алғанда, стандарттау бойынша құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестендіру рәсідерінен өткендігін растайтын құжаттардың көшірмелері.

Ұлттық стандарттар әзірлеуге жұмсалған шығындар бойынша:
- ұлттық стандарт ісін Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорына қабылдау-тапсыру актісінің көшірмесі;
- ұлттық стандарттау органында сараптама жүргізуді растайтын құжаттардың көшірмелері;
2) Аяқ киім өнімін таңбалауға арналған бағдарламалық қамтуды, сәйкестендіру (таңбалау) құралдарын қолдануға арналған жабдықты сатып алуға байланысты шығындар бойынша:
- сәйкестендіру құралдарын сатып алу бойынша, сондай-ақ, өнім шығару сатысында сәйкестендіру құралдарын қолдану бойынша типографиялық қызметтер сатып алуға;

сәйкестендіру құралдарын сатып алуды растайтын шарттың және (немесе) келісімнің көшірмесі;
- сәйкестендіру құралдарын немесе материалдық тасымалдауышты, сондай-ақ, инженерлік бағдарламалық қамтуды қолдануға арналған жабдықты сатып алу арқылы өндірісті қайта жарақтандыруға: жеткізу және пайдалануға беру фактісін растайтын бағдарламалық қамту мен құжаттарды қоса алғанда, жабдық жеткізуге шарт және (немесе) келісім, соның ішінде, лицензиялық келісім көшірмесі.

3) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 мамырдағы № 306 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28264 болып тіркелген) Басым тауарлардың тізбесіне кіретін жөнелту пунктінен Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – ҚР) аумағындағы межелі пунктіне дейін теміржол көлігімен өңделген тауарларды тасымалдауға байланысты шығындар бойынша:
тауарларды жеткізуге арналған шарттардың көшірмелері;
теміржол көлігі жүкқұжаты, сондай-ақ жөнелтуші қоса берген, теміржол көлігі жүкқұжатында көрсетілген құжаттар;
тасымалдау туралы шартқа орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің тізбесі (егер орындалған жұмыстар/көрсетілген қызметтер актісінде олар туралы толық ақпарат көрсетілмесе).
Көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелерден алатын көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің «Кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі арқылы электрондық лицензиялау порталы арқылы кәсіпкерлік субъектісінің санаты бойынша ақпарат.
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ресми интернет-ресурсы арқылы салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу туралы ақпарат.
Қызмет беруші
Заңды тұлғалар

Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:

  1. 1-қосымшаға сәйкес өтінім.
  2. Өтелетін кезеңде жарамды тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қазақстанда жасалғандығын растайтын құжаттардың көшірмелері. "СТ-KZ" нысанды тауардың шығуы туралы сертификат, Сертификат /Еуразиялық экономикалық одағының сәйкестік туралы декларация, Индустриялық сертификат тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қазақстанда шыққандығын растайтын құжаттар болып табылады.
  3. Шығындары оларды өтеу туралы өтінімге енгізілген шартқа қосымшалармен жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді орындау туралы шарттардың көшірмелері.
  4. Төлем шоттарының (егер төлем құжаттарында көзделген болса), шот-фактуралардың және орындалған жұмыстар/көрсетілетін қызметтер актілерінің көшірмелері, сондай-ақ өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің жұмыстарға/көрсетілетін қызметтерге төлем фактін растайтын банкпен куәландырылған төлем құжаттары.

Егер Қазақстан Республикасының бейрезиденті орындаушы болғанда, орындалған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер актілерінің және/немесе шот-фактуралары және/немесе инвойс көшірмелерінің орнына қызмет көрсету және осындай заңды тұлғаны тіркеу фактісін растайтын құжаттар ұсынылады.

  1. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі жұмсаған шығындар қорытындысы бойынша есеп (жұмсалған шығындардың қажеттілігін, жұмсалған шығындарға дейін және кейін өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің қызметіне алынған жұмыстар және/немесе көрсетілетін қызметтерден болған экономикалық тиімділікті көрсету).

Шығын түріне байланысты төмендегі құжаттар қосымша ұсынылады:
1) Отандық өңделген тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және сапа менеджменті жүйелерінің техникалық регламенттерде және (немесе) "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат етілетін стандарттау бойынша құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растаған кезде жұмсалған шығындар бойынша:
тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және сапа менеджменті жүйелерінің техникалық регламенттерде және (немесе) ұйым стандарттарын немесе шарт (сертификаттар, рұқсаттар, тіркеу куәліктері, сынақ хаттамалары, көлік құралы типін мақұлдау көшірмелері, шасси типін мақұлдау және басқа да құжатар) талаптарын қоса алғанда, стандарттау бойынша құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестендіру рәсідерінен өткендігін растайтын құжаттардың көшірмелері.

Ұлттық стандарттар әзірлеуге жұмсалған шығындар бойынша:
- ұлттық стандарт ісін Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорына қабылдау-тапсыру актісінің көшірмесі;
- ұлттық стандарттау органында сараптама жүргізуді растайтын құжаттардың көшірмелері;
2) Аяқ киім өнімін таңбалауға арналған бағдарламалық қамтуды, сәйкестендіру (таңбалау) құралдарын қолдануға арналған жабдықты сатып алуға байланысты шығындар бойынша:
- сәйкестендіру құралдарын сатып алу бойынша, сондай-ақ, өнім шығару сатысында сәйкестендіру құралдарын қолдану бойынша типографиялық қызметтер сатып алуға;
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 мамырдағы № 306 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28264 болып тіркелген) Басым тауарлардың тізбесіне кіретін жөнелту пунктінен Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – ҚР) аумағындағы межелі пунктіне дейін теміржол көлігімен өңделген тауарларды тасымалдауға байланысты шығындар бойынша:
тауарларды жеткізуге арналған шарттардың көшірмелері;
теміржол көлігі жүкқұжаты, сондай-ақ жөнелтуші қоса берген, теміржол көлігі жүкқұжатында көрсетілген құжаттар;
тасымалдау туралы шартқа орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің тізбесі (егер орындалған жұмыстар/көрсетілген қызметтер актісінде олар туралы толық ақпарат көрсетілмесе).

- сәйкестендіру құралдарын сатып алуды растайтын шарттың және (немесе) келісімнің көшірмесі;
- сәйкестендіру құралдарын немесе материалдық тасымалдауышты, сондай-ақ, инженерлік бағдарламалық қамтуды қолдануға арналған жабдықты сатып алу арқылы өндірісті қайта жарақтандыруға: жеткізу және пайдалануға беру фактісін растайтын бағдарламалық қамту мен құжаттарды қоса алғанда, жабдық жеткізуге шарт және (немесе) келісім, соның ішінде, лицензиялық келісім көшірмесі.

Результат оказания услуги

Шығындардың бір бөлігін өтеу туралы келісімді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қоса берумен шығындардың бір бөлігін өтеу мүмкіндігі туралы электрондық құжат нысанында хабарлама

Часто задаваемые вопросы
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

Әкімшілік рәсімді қозғау үшін негіздер
  • өтініш;
  • әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.

Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады

Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:

  • жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
  • өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
  • өтініштің мәні;
  • өтініштің берілген күні;
  • өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.

! Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

  1. Өтініш кодекстің 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам өтініш берушіге өтініштің қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді, оны талаптарға сәйкес келтіру үшін орынды мерзім белгілейді.
  2. Өтініш беруші әкімшілік іс бойынша шешім қабылданғанға дейін өзінің жазбаша өтініші негізінде өтінішті кері қайтарып ала алады.

Өтінішті уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберу

Осы өтінішті қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен өтініш келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыны бір мезгілде хабардар ете отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберіледі.

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.

! Заңдарда өтініштерді қараудың өзге мерзімдері белгіленуі мүмкін (Мысалы, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңға сәйкес жазбаша сұрау салуға жауап ақпарат иесіне келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде беріледі).

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі әкімшілік орган басшысының дәлелді шешімімен 2 айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы Әкімшілік рәсімге қатысушыға мерзім ұзартылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабарланады.

Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдануға құқылы.

Егер әкімшілік орган, лауазымды адам мерзімінде әкімшілік актіні қабылдамаса, әкімшілік әрекетті жасамаса, онда мерзімдер өткен күннен бастап әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік актіні қабылдаудан, әкімшілік әрекетті жасаудан бас тартты деп есептеледі.

Шағым әкімшілік органға, әкімшілік актісі, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

Сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағымдану қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік орган, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) дауланатын лауазымды адам, әкімшілік акті сотқа кері қайтарып алумен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамның уәжді ұстанымын ұсынады.

! ӘРПК шағымдану тәртібін әрдайым реттей бермейді, салалық заңдарда шешімге сотқа дейінгі шағымсыз дереу сот тәртібімен шағымдануды көрсететін нормалар болуы мүмкін.

  1. Әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым әкімшілік органға, лауазымды адамға әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актінің қабылданғаны немесе әкімшілік әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 айдан кешіктірілмей беріледі.
  2. Дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, әкімшілік рәсімге қатысушының өтінішхаты бойынша мерзімді шағымды қарайтын орган қалпына келтіре алады.
  3. Шағымдану үшін өткізіп алған мерзім шағымды қарайтын органның шағымды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың ерекше тәртібі мен мерзімдері белгіленуі мүмкін.

Шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 5 жұмыс күнін құрайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың өзге мерзімі белгіленуі мүмкін.

Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы

Заказать онлайн
Полное название
Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету
Получатели услуги
Жеке тұлғалар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Заңды тұлғалар
Стоимость услуги

Тегін

Срок оказания услуги

8 жұмыс күні

Услугу оказывает
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Место предоставления услуги
«Цифрлық үкімет» порталы
«Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ

Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі

Социальные медиа
Telegram
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы