Халықаралық қатынаста жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдауды тұрақты жүзеге асыратын ҚР тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (кетуге) рұқсат беру

Категорияларға қайту

Қызметті қалай алуға болады

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

  1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады
  2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз
  3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз
  4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз
  5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жыл болатын жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсаты қағаз түрінде не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген орны бойынша, жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

Жиі қойылатын сұрақтар

  1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
  3. Аумақтық органдарда шетелдік рұқсаттардың болмауы.
  4. Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.
    Қолданылу мерзімі бір күнтізбелік жыл болатын жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсатты беруден бас тартылған жағдайда, отандық тасымалдаушыға дәлелді жауап жіберіледі.
    Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

Көру саны:374

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Халықаралық қатынаста жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдауды тұрақты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (кетуге) рұқсат беру

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Заңды тұлғалар

Қызмет бағасы

10 АЕК

Қызмет көрсету уақыты

Тұрақты негізде халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының ҚР аумағынан шығуы үшін алым сомасын төлеу үшін хабарлама беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап - 2 жұмыс күні

Қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жылға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсатты беру (көрсетілетін қызметті берушіге алым сомасының республикалық бюджетке төленгенін растайтын төлем құжаты келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде) - 1 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
  • «Электрондық лицензиялау» порталы
  • «Цифрлық үкімет» порталы